Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                        23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындауға келісім алу туралы» қаулысын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың  2021 жылғы 29 наурыздағы №2-4 шешіміне сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу мақсатында  Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы №106 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3550 болып тіркелген, 2016 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кенжебековке жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

 

 

Қызылқоға ауданының әкімі

                       Н.Бисембиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ

 

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық мекеменің директоры;

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық мекеменің директорының орынбасары;

әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік қызметкер, массажист, әдіскер, дефектолог, тәрбиеші, логопед, психолог, ассистент.

 

  1. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық мекеменің директоры;

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық мекеменің директорының орынбасары;

кітапханашы, библиограф, сектор (бөлім) меңгерушісі, барлық атаудағы редактор, көркемдік жетекші, үйірме жетекші, музыка жетекші, барлық атаудағы режиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, суретші, барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтер), дирижер, режиссер, хореограф, аккомпаниатор-концертмейстер (негізгі қызметтер).

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Дата публикации
19 апреля 2021