Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау
Баланы жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез-құлықтарына қалыптастыру қажет
Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары ең алдымен өздерінің ата -аналары.
Осы мақсатта 2021 жылы 21-23 сәуір аралығында жасөспірімдер арасында жыныстық тәуелсіздігін қорғау мақсатында «Жанұя және бала» тақырыбында рейд ұйымдастырылды.
Құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде. Ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу - тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.
Аудандық білім бөлімі. аудандық полиция бөлімі және аудандық ауруханамен бірлесе отырып «2021 жылға арналған кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және зорлық-зомбылық фактілерін алдын алу және болдырмау жөніндегі ведомствоаралық жылдық жоспар жасақталып, сол жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.
Барлық білім беру ұйымдарында қылмыстардың алдын алу максатында отбасы, мектеп және қоғамдастықтың өзара іс –қимылы бойынша ата - аналар комитетінің төрағалығымен жиналыстар өткізілді. Жиналыста «Отбасы тәрбие іргетасы», «Балалар мінез –құлқының психологиялық ерекшеліктері», «Отбасы, қоғам және ата-ана» туралы баяндамалар оқылды
Құқық бұзушылықтың алдын алып бірлесе жұмыс жасау мақсатында мектептерге бала санына байланысты учаскелік полиция инспекторлары тағайындалды.
Қазргі таңда кәлеметке жасқа толмағандар есебінде тұрған оқушы жоқ. Сынып жетекшілер, психологтар оқушылармен және ата –аналарымен де тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.
Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар және оларға қатысты қылмыстарды болдырмау мақсатында қашықтықтан мектеп инспекторларымен бірлесе отырып ата –аналар жиниалысы өткізілді, сонымен қатар оқушылар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер және ата-аналары немесе қамқоршыларына түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүруге тыйым салынғаны жөнінде кең көлемде мектеп инспекторының жиналыс өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді және рейд өткізілді.
Аудандық білім бөлімі фейсбук желісінде «Бала тәрбиесіндегі ата –ана жауапкершілігі» тақырыбында кеңінен мақала жарияланды.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, 2021 жылдың 12-18 ақпан аралығында аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» атты кең көлемді акциясы өткізілді..
2021 жылы 15-20 ақпан аралығында мектеп оқушылары арасында құқықтық танымын арттыруға және құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында 7-9 сынып оқушылары арасында «Қылмыс жасауға қандай себеп?», «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн режимде АПБ қызметкерлерінің қатысуымен пікірталас өткізілді
2021 жылғы 19 ақпанда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының қорғалуы» тақырыбында қашықтықтан (онлайн режимде) дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға аудандық білім бөлімінің бас маманы, аудандық білім бөлімінің балалар құқығын қорғау жөніндегі әдіскері, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювенальды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, әлеуметтік педагогтар, психологтар, мектеп инспекторлары және қамқорршы-қорғаншылар қатысты. Дөңгелек үстелде бала құқықтары мен қауіпсіздігі, кәмелттке толмағандар арасында қылмыстардың және зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы тақырыптар талқыланды.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, күш көрсету фактілері белгілі болған жағдайда жедел құзырлы органдарға хабарлау туралы білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлер ақпараттандырылды.
2021 жылы 23-25 сәуір аралығында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау және алдын алу, бала еңбегін қарауға қарсы, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу білім алудан бас тартатын балаларды анықтау мақсатында Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия мүшелерімен бірлескн түрде «Түнгі қаладағы балалар» атты рейд жүргізілді.
Б.Нұғманова, аудандық білім бөлімінің бас маманы