Өз ісіне адал қызмет ету, ар-намысының жемісі
Жемқорлық- елді дамытпайтын, қоғамды өсірмейтін дерт.
Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу барша қазақстандықтар үшін ортақ міндет. Ол үшін аталған дертке қоғам болып ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Елдің экономикасын артқа тартатын, бәсекелестікке кері әсер ететін бұл жемқорлық. Сондықтан, біздің міндетіміз халық арасында, мектеп деңгейіндегі оқушылардың сана-сезіміне осы жемқорлық жат құбылыс екенін жеткізу болып табылады.
Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілуде. Барлық өткен сынып сабақтарында, жиналыстарда, директорлар жанындағы кеңестерде, алқа отырыстарында сыбайлас жемқорлық жөнінде түсіндіріп, ескертулер айтылып отырады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында білім беру саласында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» тақырыбы "Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы" тақырыбында әзірленген бейне-дәрістер барлық білім беру ұйымдары әлеуметтік желілерге жарияланып, ата-аналарға, оқушыларға, қызметкерлерге көрсетілді.
Азаматтық қоғаммен сындарлы диалог орнату мақсатында «Antikor.Live» жобасы шеңберінде «Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған жұмыстар туралы» барлық мектеп директорлары 2021 жылдың ақпан айының 24-29 күндері Facebook парақшаларында тікелей эфирде баяндама жасады.
Қоғамға бюджет қаржысының ашықтығын қамтамасыз ету арқылы қоғамның қаржылық сауаттылығын арттыруға және қоғамның оң нәтижелі пікірлеріне қол жеткізуге сондай-ақ, бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілерінің алдын-алу мақсатында «Мекемеге 2020 жылғы бөлінген бюджет қаржысы және оның игерілуі» тақырыбында «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде барлық білім беру ұйымдарының басшылары ақпарат берді.
2021 жылы сәуір айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында ұлы ойшылдардың ұлағатты сөздері бейнеленген жадынамалар әлеуметтік желілерге жарияланып, жадынама үлгісі мектеп дәлізіне ілінді.
Барлық білім беру ұйымдарының ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат ретінде стенділер және сенім телефондары орналасқан.
Бұл өткізілген шаралар жас ұрпақтың бойында шыншылдық, патриоттық, өз ісіне адалдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілуде.
Сондықтан әр азамат өз жұмысын адал атқарса, өз ар намысының жемісі екенін білгені дұрыс деп ойлаймын.
Б.Нұғманова, аудандық білім бөлімінің бас маманы