Құқық бұзушылыққа жол жоқ!
Округ көлемінде жедел жағдайды қадағалау, қалыптастыру сонымен қатар, қылмыстың және құқық бұзушылықтардың, қоғамдық орындарда, көшелерде және бұрын сотталғандардың тарапынан қайталап жасалатын қылмыстардың, жасөспірімдердің қатынасуымен болатын қылмыстардың сондай-ақ жол көлік оқиғаларының алдын-алуда, оны болдырмауда бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Округке қарасты №4 учаскелік полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Сәрсенғалиев Айбек Өтегенұлы және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспектор полиция сержанты Сахиқызы Гүлсезім қызмет атқаруда. Өткен жылы «Жангелдин» мәдениет үйінде мал ұрлығының алдын-алу бағытында аудандық полиция бөлімі өкілінің қатысуымен тұрғындар жиыны өтіп, тұрғындарға заң шеңберінде түсінік берілді. Округ бойынша 2 әлеуметтік және 2 кәсіпкерлік нысан бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Ауылдың 9 көшесінде 182 дана көше шамымен жарықтандырулы. Қосымша Д.Асанғалиев көшесіне 31 дана лэд прожектор қондыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ ауылға кірме жолдың 1000 метр бөлігін жарықтандыру үшін қаржы бөлініп, ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу жұмыстары жүргізілуде. Тас жол бойында 38 жол белгісі орнатылған. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауыл көшелерінде 12 дана әр түрлі тәрбиелік бағыттағы лайтбокстар және баннерлер орнатылды.
Ағымдағы жыл ішінде округ көлемінде 10 рет профилактикалық іс-шаралары («Қару», «Мигрант», «Абайлаңыз балалар», «Мал ұрысы», «Қауіпсіз жол») учаскелік полиция инспекторымен бірлесе өткізілді. Жүргізілген іс-шаралардың басты мақсаты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау және алдын-алу болып табылады. Жыл ішінде округте 25 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Пробациялық бақылау орнатылған қылмыстық-атқару инспекциясының есебінде 5 адам тұр. Аталған адамдар жиі бақылауда.
Алдағы уақытта округ көлемінде қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау, олардың жолын кесу бағыттарында жұмыстар атқаратын боламыз.
|
Жангелдин ауылдық округінің әкімі А.Багдаров |