Құқық бұзушылық – түйткілі көп мәселе

Құқық бұзушылық – түйткілі көп мәселе

 

Еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың бірлігін аман сақтай білу қаншалықты зор тарихи жауапкершілік екенін бүгінгі ұрпақ жан-жақты сезіне білуі қажет.

       Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерін қорғау, зорлық-зомбылықты болдырмау - қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттеріміздің бірі.  

«Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды. 

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім ұрпақ қайдан шығады? Шыны керек, баланың қоғамдық тәртіпті бұзуы, орынсыз іс-әрекеттерге баруы ата-ананың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Қараусыз, өз бетімен жүрген бала құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, маскүнемдік пен алкоголизмге, есірткі мен нашақорлыққа әуес болуы мүмкін.

 Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. Құқықтық мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізе білу аса қиын өнер. Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының негізінде тек қана білімді болумен шектеліп қоймай, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар жолды таба білер тәрбиеші болу да маңызды рөл атқарады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында барлық мәдени ошақтарда жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, отбасындағы тәрбие, салауатты өмір салтын ұстануға, есірткі мен нашақорлыққа әуес болмауға, қоғамдағы құқық бұзушылықты болдырмауға тәрбиелейтін түрлі тақырыпта мәдени-көпшілік шаралар жоспарлы түрде өткізіліп келеді.

        Жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеп қана қою аздық етеді.  Ол үшін оларды мектеп жасынан бастап әдеби кітаптар оқуға баули отырып, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дархан пейілін, ұлтжандығын, қайсарлығын насихаттай  білуіміз қажет. Сонда ғана  айтылғандар жүзеге асып, өз Отанын сүйетін, абыройын асқақтата алатын шын мәніндегі жанашыр жалынды  саналы жастарды тәрбиелеуге мүмкіндігіміз болары анық.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

 

Құқық бұзушылық – түйткілі көп мәселе
Дата публикации
04 мая 2021