Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

 

Миялы ауылдық округі әкімінің қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Миялы ауылдық округі тарапынан бір қатар шаралар атқарылуда. Округке қарасты барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық көріністерінің Заң бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында аппарат қызкерлеріне ескертіліп, округ әкімі тарапынан шығарылатын шешім, өкімдер қызметкерлерге уақытылы таныстырылып, үнемі қатаң бақылауда. Округ аппаратына сенім телефоны (2-12-43) және округ әкімінің ұсыныс-пікір жәшігі орнатылған, арыз-шағымдар электронды түрде жүзеге асырылуда. Жыл ішінде ауыл тұрғындарынан ешқандай шағым, ұсыныс-пікірлер түскен жоқ. «Adal kómek» жобасы бойынша кеңес беру мақсатында округ әкімінің тікелей эфир ұйымдастырылып, онлайн форматта өткізілді. Ешқандай ұсыныс-пікірлер болған жоқ. Мектептерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылған. Клубтың мақсаты оқушыларды азаматтықа, отансүйгіштікке, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ, мектеп кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты ауыспалы бұрышы жасақталды. Аудандық орталық кітапханасында арнайы «Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа» атты кітап көрмесі жасақталған.Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жүргізу мақсатында ауыл орталығындағы көшелерде барлығы   5 баннер және 4 лайтбокс орнатылды («Назарсыз қалдырма жемқорлықтың тізбегін үз» , «Адал көмек жобасы» және «Азаматтық белсендігіңді арттыр» т.б тақырапта).

Тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған (Егер Сіз жемқорлыққа тап болсаңыз осы номерге хабарласыңыз «СALL CENTER-1424») баннері жасақталып А.Құнанбаев көшесіне орналастырылды және тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге, білім беру, денсаулық сақтау, казпошта мекемелері, мәдени мекемелердің ақпарат бұрыштарында және кіре беріс есіктеріне арнайы А4 бетшесіне «Парасыз қоғам – Ұлт болашағы», «Еліміздің өркендеуі адал және сатылмайтын азаматтардың қолында» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде жазылған  брошюралар барлығы 100 дана ілінді.

Алға қарайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

 

С.Салықов, Миялы ауылдық округінің әкімі                                

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Дата публикации
04 мая 2021