Әділетті болу керек
Елімізде жемқорлықты түбегейлі ауыздықтау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімнің бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Өткен жылы жүргізілген талдау нәтижесімен бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2019 жылдан бері тұрғын үй құрылысының жер кезегіне тіркелу электронды түрде (http://zher.atyrau.gov.kz/) жүргізіліп келе жатса, өткен жылдан бастап кәсіпкерлік нысан үшін жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату аукцион арқылы жүргізіледі. Ал, биылғы жылдан бастап «Ақпараттық есептеу орталығы» арқылы шаруа немесе фермер қожалығын ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөніндегі конкурсты электрондық түрде өткізу жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.
Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімнің бас маманы Ж.Махметова