Жауапкершілік пен міндет-ортақ

Жауапкершілік пен міндет-ортақ

 

Айтылып, жазылып жүргеніндей, сыбайлас жемқорлық-өте қауіпті, жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді. Елбасының «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып , жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс...» деуі де сондықтан.

    Иә, бұл кеселмен әркім өзі жұмыс орнында, жүрген ортасында бастап күресуі қажет-ақ. Осы орайда, біздің аудандық экономика және қаржы бөлімінде де құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде жылдық іс-шара жоспары жасалып, қазірде соған сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Кірістер және мүлік туралы декларацияларды жыл сайынғы тапсыру өз деңгейінде жүргізілуде.

    Бөлімде баршаға көрінетіндей жерлерде Елбасының Жолдауы, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама бойынша арнайы стендтер орналастырылып отыр. Өзімізге келген әр адамды мұқият тыңдап, олардың әрбірімен қарым-қатынаста мәдениеттілік, ибалылық сақтау қызметкерлеріміздің тікелей жауапкершілігі және міндеті болып табылады. Сол себепті қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтауы ұдайы назарда болып келеді  және алға қарай да солай бола бермек.

    Келушілермен сөйлесе білу, оларды толғандырған сауалдарға сауатты жауап қайтара алу да керек. Бұл бағытта мемлекеттік қызметшілердің әр үш жыл сайын біліктілігін арттыру курстарына  барып, білімдерін жетілдіріп отыруы құқықтық, кәсіби сауаттылығын арттыруға зор септігін тигізіп отырғанын атап өткен жөн. Тұрғындардың арыз-шағымдарын және көрсетілген мемлекеттік қызметтерге байланысты өз ұсыныс-пікірлерін салуға арналған жәшік те орналасқан. Бөлімде 2-12-02 сенім телефоны да жұмыс жасап тұр, түскен өтініштерді тіркейтін есеп журналдары бар. Кеселмен күрестегі бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Нұғыметов Думан Мұқанбетұлы,

Қызылқоға аудандық экономика және

қаржы бөлімінің бас маманы

Жауапкершілік пен міндет-ортақ
Дата публикации
27 апреля 2021