Басты бағыт- ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету

Басты бағыт- ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету

Сыбайлас жемқолықпен күресу – қоғамның және әр азаматтың ортақ ісі, ортақ міндеті екенін әр қазақстандық, әр отбасы түсінуі керек.

Ұлы Абай атамыз «Ұрпағыңызға асыл мұра ретінде арсыздықты әкелетін байлықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр» деген екен. Сыбайлас жемқорлық – адам табиғатының бұзылуына, адамгершіліктің тапталуына, адамдардың бөлінуіне әкеледі. Бұл — қоғамдық сананың рухани жақтан емес, материалдық тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Атырау- адалдық алаңының» Қызылқоға аудандық жобалық кеңсе өкілі және жастармен бірге өткен жылы бірнеше шара өтіп, қоғам алдындағы ашықтық, қолжетімділік қағидалары насихатталып, тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру көзделді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта мемлекет қаражатының ашықтығы да басты назарға алынды. Өткен жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу, тарихи-мәдени мұраны қорғау тақырыптары бойынша 14 жобаға қаржы қаралып, алайда әлемде болып жатырған COVID-19 короновирус инфекциясының таралуына байланысты 6 шара ұйымдастырылды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ашықтықты қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг құруда тиімді құрал болып табылады.

Міне, елімізде бүгінде осындай тәжірибеге қатысты шараларды қабылдау және ұқсас реформаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл қадамдар сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету мен жою бағытында үлкен заманауи серпіліске әкелері сөзсіз.

А.Жақсиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Басты бағыт- ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету
Дата публикации
26 апреля 2021