|
|
Бекітемін Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Иғали
________________________ 1 сәуір 2021 жыл
|
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Миялы ауылы 1.04.2021 ж
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының 2021 жылғы 13 ақпандағы №13 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс тобының басшысы:
Иғали Ерболат- бөлім басшысы.
Жұмыс тобының мүшелері:
Г.Дүзғалиева -бас маман.
Е.Құмаров - бас маман.
Ә.Нұрадинова – есепші.
1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.
2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.
3) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы.
5) Прокурорлық қадағалау актiлерi, сот актілері.
6) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн есеп беру, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар;
Бөлім бойынша басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша. нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасалып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қаупін туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталған жоқ.
Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылады. Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-4, штаттан тыс қызметшілер саны-4 (есепші, көлік жүргізушісі, шаруашылық меңгерушісі, хатшы) барлығы 8 қызметкер жұмыс жасайды.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Кадрлар қозғалысы 2 бірлік. Бөлімнің шаруашылық меңгерушісі жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шықты, 2021 жылдың 9 ақпанынан бастап Ж.Қонысов бөлімнің шаруашылық меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылданды. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап атқаратын қызметінен өз еркімен өтінішіне сай жұмыстан босатылды.
2021 жылдың 19 ақпанында №28 қаулымен бөлімнің атауы «Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» болып өзгертілді. Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.
2021 жылдың қаңтар – наурыз айлары қорытындысы бойынша барлығы 36 бұйрық қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі, қатаң сақтауы қадағаланып отырады. Қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілерге бейәдеп қылықтар танытпау және әлеуметтік желі аккаунттарына жариялаумау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, бөлім ішкі жұмыс барын тысқа жарияламау, құпиялықты сақтау шаралары түсіндірілді.
3.Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардан өтініштері.
Есепті кезеңде бөлімге арыз шағым тіркелмеді. Арыз шағым есебі аудан әкімі аппаратына уақытында тапсырылуда. Бөлімде сенім телефоны жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі орнатылған.
4.Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу тәсілдері, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тәртіптік жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар орын алмады. Сонымен қатар бюджеттік өзгерістер болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жетілдіру және күшейту мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» ақпараттар уақытылы салынды.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Есепті мерзімде Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 65 келісім шарт жасақталды. Порталда заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
5.Прокурорлық , сот актілері.
Есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері орын алған жоқ.
2020 жылы 2 желтоқсанда «Midas distrubition» ЖШС-н 27.10.2020 жыл №44 келісім шартқа сай тиісті жұмысын атқармағаны үшін сотқа талап арыз берілген болатын. Сот ісі жалғасуда.
Қазіргі таңда бөлімде 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бөлім бойынша бірінші қызмет түрі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 88 өтініш түскен. Оның 42 – қанағаттандырылған. Қалған 46 өтініш дәлелді себептермен бас тартылған.
Екінші көрсетілетін қызмет түрі "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 3 өтініш қағаздай түскен. 3 өтініште қанағаттандырылды.
Үшінші қызмет түрі - "Тұрғын үй сертификаттарын беру". Бұл қызмет түрі 2020 жылдан бастап көрсетілуде. Электронды Үкімет порталында қызмет алу мүмкіндігі жоқ. 2021 жылға өтініш түспеді.
Төртінші қызмет түрі – «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтініш түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімінен кешіктірілген құжаттар болған жоқ.
2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру комиссиясының 2 отырысы өтіп, 3 тұрғын үй жекешелендіріліп, 3 қызметкерге қызметтік пәтер берілді.
Қызылқоға ауданының сервистік әкімдігінде бөлім бойынша 88 қызмет көрсетіліп, 121 адамға кеңес берілді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау және бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде халыққа түсіндіру бағытында 2021 жылдың 19 ақпанында «Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарды онлайн форматта тікелей эфир арқылы қабылдау өткізді. Сондай-ақ 2021 жылдың 11 наурыз айында тікелей эфир арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есеп берді. 18 наурыз күні аудан әкімі ғимаратындағы сервистік әкімдікте «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі» өткізілді.
Ағымдағы жылдың 18 ақпаны күні №7(7211) санымен «Қызылқоға» аудандық газетіне «Тұрғын үй кезекпен беріледі» атты мақала жарияланып, веб сайтқа орналастырылды.
Бөлімнің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне қажетті ақпараттар мерзімінде салынып отырады.
«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне қауіп туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталмады.
Бөлім басшысы: Е.Иғали
Бас маман: Г.Дүзғалиева
Бас маман: Е.Құмаров
Есепші: Ә.Нұрадинова