Жемқорлықтың алдын алу-басты парыз

Жемқорлықтың алдын алу-басты парыз

Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес еліміздің  стратегиялық дамуының  негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өткен болатын.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуды, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процестерін тежейді.

Мемлекеттің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдау, сыбайлас жемқорлық көріністерін  қоғамның тіршілік әрекетінің барлық саласында болдырмау, бүгінгі күн тәртібіндегі үлкен мәселе болғандықтан бөлім қызметкерлері арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлық құбылыстарына  қарсы әрекет ету білу күн тәртібінен түскен емес. 

Бөлім кеңсесінде, Атырау облысы әкімдігінің және Қызылқоға ауданы әкімдігінің  әдеп жөніндегі уәкілдерінің  мәліметтері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті  қалыптастыру туралы жадынама, бөлім басшысының қабылдау кестесі,  бөлім арқылы көрсетілетін  қызметтер бойынша ақпараттар  және Әдеп Кодексінің мәтіні ілінген.

            Бөлімде жұмыс атқаратын лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына  арналған көрнекі және қол жетімді орындарда жәшігі орнатылған.

Сонымен қатар, бөлімде сыбайлас жемқорлық көріністері туралы ақпаратты жинау үшін сенім телефоны жұмыс істейді (2-11-81 ).

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен  кеңінен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп, бөлімнің қабылдауында 45 адам (несие қаражатын алу, грант алу,  сертификатқа оқу, кәсіпкерлік ашу  және т.б) әр түрлі кеңестер алды.

Бөлім арқылы ашылған “Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы  бөлімінің ”facebook  парақшасынада 23 және kyzylkoga_kasipkerlik инстаграмм  парақшаларында 7 әртүрлі  кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау бағдарламалары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабарландырулар,  мәліметтер жарияланды.

Бөлім жұмысының бір негізі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, осы ретте бөлім арқылы көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет түрі 100 % электронды түрде  көрсетіледі.

2021 жылдың  2 айында  36 өтініш түсіп, түгел қанағаттандырылды. Осы  мемлекеттік қызметтерді түсіндіру мақсатында ақпарат құралдарына осы қызметтерді алу тәртібі жөнінде ақпан айында 1 рет мақала  жарияланып,  мемлекеттік қызметтерді  электронды алу тәртібі жөнінде  бейне ролик дайындалып, әлеуметтік желілерге ( инстаграмм, фейсбук) жарияланды. Қызметтерді  Egov, elicense. Kz  порталдары бойынша  өтініш беру арқылы алуға мүмкіндік бар. Осы қызметтер аудан әкімдігі жанынан ашылған “Сервистік әкімдік” жобасының залында көрсетіледі.

“Тракторларды және олардың базасында  жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда , олардың тіркемелерін,  өздігінен жүретін ауыл шаруашылық мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары  мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары  арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу  қағидаларын бекіту туралы ” Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі  №233 бұйрығына сәйкес аталған қызметке бірқатар  өзгерістер енгізілген болатын. Аталған қызметті көрсету мерзімі портал арқылы 1 жұмыс күні деп өзгертілген. Осы 1 күн ішінде өтінішті тіркеп, жауабын беру қиыншылық туғызуда ( бұрын бұл қызметті  көрсету мерзімі күнтізбелік 15 ( он бес) күн болатын). Осы мәселе жөнінде  тиісті басқармаға  ұсыныстар берілді, әзірге шешімін тапқан жоқ.

Қазіргі таңда аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша заң талаптары тұрғысында жұмыстар  жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта да,  Қазақстан Республикасының заңдылықтарының толық сақталуын  қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің  сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы күрес жүргізу жұмыстары жалғасын таба береді.

 

Жемқорлықтың алдын алу-басты парыз
Дата публикации
06 апреля 2021