Жангелдин ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ №3

Жангелдин ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ №3

 

 

Жангелдин ауылы                                                                           16.04.2021 жыл

Жангелдин ауылдық округінің әкімі аппаратының  мемлекеттік мемекемесінің ғимаратында 2021 жылдың 16 сәуірі күні сағат 12:00 – де қоғамдастық жиналысы болып өтті. Қоғамдастық жиналысының уақыты негізі сағат 10:00 ге белгіленген болатын, алайда  12:00 де өтуінің себебі қоғамдастық жиналысының мүшесі Базарбаев Қайрат мырза аудан орталығында кірістер басқармасында тығыз шаруашылығы болып сағат 11:50 келді. Сол себепті қоғамдастық жиналысы 12:00 де басталды.

2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚРЗ жүзеге асыру мақсатында Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу үшін қоғамдастық жиналысының мүшелері шақырылды.

Жалпы дауыс беруге құқығы бар қоғамдастық жиналысына қатысатын мүшелер саны: 9 – адам

Жиналысқа келгендер саны: 5 – адам.

  1. Әбденов Құрал
  2. Базарбаев Қайрат
  3. Бержанов Ғаділбек
  4. Жақсығалиев Руслан
  5. Шәкенбаев Сәттібай

Жиналыс заңды.

Қоғамдастық жиналысының төрағысы мен хатшысын сайлау ұсынылды. Дауыс беру нәтижесінде жиын төрағасы болып Шәкенбаев Сәттібай, хатшысы болып Жақсығалиев Руслан сайланды.

Сөз жиналыс төрағасы Шәкенбаев Сәттібайға берілді.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Жиналыс төрағасы С.Шәкенбаев: Күн тәртібіндегі мәселемен қоғамдастық мүшелерін таныстырды: «Жангелдин ауылының атауын Қазбек би Жабайұлының атымен қайта атау туралы». Осы күн тәртібіндегі мәселені талқылауды және нақты қорытынды шығаруды ұсынды.

СӨЙЛЕУШІЛЕР:

Жақсығалиев Руслан қоғамдастық жиналысының мүшесі: Күн тәртібіндегі мәселе түсінікті. Көптен бері қозғалып келе жатырған мәселе. Шешім қабылдау оңай емес. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген  Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қажет делінген. Бізді жалпы осы қоғамдастық жиналысына мүше қылып ауыл тұрғындары қоғамдастық жиынында округтегі 9 көшеден 9 адамды сайлады. Сондықтан Ауылдың атауын өзгертуде тұрғындардың пікірі маңызды деп білемін. Сол себепті мен озім тұратын Көпбаев көшесінде тұратын 40 тұрғын үйді аралап осы мәселе бойынша пікірлерін біліп шықтым. Нәтижесінде 40 тұрғын үйдің 3 тұрғын үйде адам тұрмайды, 5 тұрғын үй иесі бұл мәселені қолдады және 32 тұрғын үй иесі қарсы болды. Сөзімді қорыта келе әр қашанда округ тұрғындарымен біргемін менде Жангелдин ауылының атын аустыруға қарсымын.

Бержанов Ғаділбек қоғамдастық жиналысының мүшесі: Қайырлы күн баршаңызға! Жалпы мені қоғамдастық жиналысына қатысушы мүше ретінде Д.Қоспаев көшесі тұрғыны ретінде ауыл тұрғындары сайлады. Жангелдин ауылының атын ауыстыру мәселесіне келетін болсақ, менде ауыл тұрғындарының пікірінен асып кете алмаймын. Қоспаев көшесінде қазіргі таңда 59 тұрғын үй бар. 59 тұрғын үйдің 8-інде адам тұрмайды жаңадан салынып жатырған үйлер. Қалған 51 тұрғын үйдің 8 тұрғын үй иесі мәселені қолдады және 42 тұрғын үй иесі қарсы болды. Ал менің өзімнің жеке пікірім Жангелдин ауылының атын өзгертуге мүлдем қарсымын.

Әбденов Құрал қоғамдастық жиналысының мүшесі: Қайырлы күн! Әңгіменң турасын бірден көшйін мен Өтемұратов көшесінің тұрғынымын. Бұл көшеде адам тұратын 23 тұрғын үй бар. Осы тұрғындармен күн тәртібіндегі мәселе бойынша пікірлескенде 1 тұрғын үй иесі қолдайтынын айтты және 22 тұрғын үй иесі қарсылық білдірді. Менің жеке пікірім ауылдың атын өзгертуге қарсымын. Жалпы ауыл тұрғындарының көбі ауыл атын өзгертуге қарсы оны осы жерде отырған барлық мүшелерге белгілі. Мен түбегейлі қарсымын.

Базарбаев Қайрат қоғамдастық жиналысының мүшесі: Жалпы менің пікірім бұл мәселені карантиндік режим аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындарын жинап барып шешім қабылдаған дұрыспа деп ойлаймын. Дегенменде округтегі Еркалиев көшесінде 16 адам тұратын тұрғын үй бар. Осы 16 тұрғын үйдің 4 тұрғын үй иесі қолдап отыр, ал 5 тұрғын үй иесі қарсы және 7 тұрғын қалыс қалып тұр. Бұл жерде менде ауыл тұрғындарынан асып кетпеймін. Күн тәртібіндегі мәселеге ауылдың атын өзгертуге қарсымын.

Шәкенбаев Сәттібай қоғамдастық жиналысының мүшесі: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша барлық жиналысқа қатысушы өздерінің пікірлерін айтты нақтылап. Менің өзімнің пікірім жалпы атауын ауыстыруға қарсы емеспін. Менде адам баласымын мені ауыл тұрғындары осы қоғамдастық жиналысына қатысатын мүше ретінде сайлады. Себебі өзім тұратын Өзенов көшесінің тұрғындары атынан сөйлеуге құқылымын. Бұл Өзенов көшесінде барлығы 20 тұрғын үй бар, 1 тұрғын үйде адам тұрмайды, қалған 19 тұрғын үйдің 5 тұрғын үй иесі бұл мәселені қолдады, 10 тұрғын үй иесі қарсы болды және 1 тұрғын үй иесі қалыс қалды. Енді менің айтапағым мен тұрғындардың пікірін ескерем сол себепті ауылдың атын өзгертуге қарсымын.

 

Жиналыс төрағасы С.Шәкенбаев: Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылау үшін дауысқа салайық: «Жангелдин ауылының атауын Қазбек би Жабайұлының атымен қайта атау туралы». Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» - 0 адам.

«Қарсы» - 5 адам.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім бірауыздан қабылданды

 

Жангелдин ауылының қоғамдастық жиналысы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе Шешім етеді:

  1. «Жангелдин ауылының атауын Қазбек би Жабайұлының атымен қайта аталмасын».
  2. Жангелдин ауылының атауы өзгертілмесін.

 

Жиналыс төрағасы:                                                                                  С.Шәкенбаев

Хатшы:                                                                                                    Р.Жақсығалиев

Жангелдин ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ №3
Дата публикации
20 апреля 2021