«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы
Акт
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №14 қаулысымен алынған Ереженің негізінде жұмыс атқарады.
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Есқалиев Мереке Василийұлы .
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.
«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.
26.01.2021 жылы округ әкімінің №22-ө өкімімен округ әкімі аппаратының іс жүргізушісі К.Құттыбаева кезекті еңбек демалысына жіберілді.
27.01.2021 жылы округ әкімінің №23-ө өкімімен округ әкімі аппараты мекемесіне 2021 жылдың 27 қаңтарынан бастап газ оператор қызметіне Шағыр Нұрболат Ғарифоллаұлы аудандық халықты жұмыспен орталығы директорының 25.01.2021 жылғы №29 жолдамасымен жұмысқа алынды.
01.02.2021 жылы округ әкімінің №27-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы М.Қондыбайға 2021 жылдың 4 ақпанынан бастап 2021 жылдың 5 наурыз аралығына кезекті еңбек демалысы берілді.
08.02.2021 жылы округ әкімінің №33-ө өкімімен округ әкімі аппаратының көлік жүргізушісі Т.Орынбаев кезекті еңбек демалысына жіберілді.
08.02.2021 жылы аудан әкімінің №25-ө өкімімен округ әкімі М.Есқалиев 2020 жылдың 11 ақпанынан бастап 2021 жылғы 13 наурызы аралығына еңбек демалысы берілді.
02.03.2021 жылы аудан әкімінің №43-ө өкімімен округ әкімі М.Есқалиев қызметтік қажеттілікке байланысты өз келісімімен 2021 жылдың 3 наурызынан бастап еңбек демалысынан кері шақырылды.
04.03.2021 жылы аудан әкімінің №51-ө өкімімен округ әкімі М.Есқалиевқа өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс берілді.
23.02.2021 жылы округ әкімінің №43-ө өкімімен өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін округ әкімі аппаратының бас маманы Ә.Каронға ескерту берілді.
03.03.2021 жылы округ әкімінің №54-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маман-есепші Г.Кубашева қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты 2021 жылдың 3 наурызынан бастап, атқаратын лауазымынан босатылды.
05.03.2021 жылы округ әкімінің №55-ө өкімімен Жамансор ауылдық кітапханасының газ операторы Н.Шағыр ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы№414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 52 бабының 1 тармағының 18 тармақшасына сәйкес жұмыстан босатылды.
05.03.2021 жылы округ әкімінің №57-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы М.Қондыбай 2021 жылдың 9 наурызынан бастап, 2022 жылдың 9 наурызы аралығында бала күтіміне байланысты демалыс берілді.
МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» мекемесіндегі штат саны 3,5. Атап айтқанда мекеме директоры-1, мәдени жұмысты ұйымдастырушы -1 адам, көркемдік жетекші-1 адам(0,5), 1 техникалық қызметкер – 1 (0,5), есепші – 1 (0,5) қызмет етеді.
20.01.2021 жылғы клуб директорының №1 бұйрығымен мекеме есепшісі Ж.Бақтыбаева ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде уақытша еркін демалысқа (декреттік) жіберілді.
10.02.2021 жылғы клуб директорының №2 бұйрығымен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Бекешовтің 02.02.2021 жылғы №44 жолдамасына сәйкес Ж.Ескалиева есепші болып жұмысқа орналасты.
1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;
2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;
4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;
5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;
9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;
12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;
14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;
9.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
10.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталып, «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесімен 2020 жылдың 13 қазанында «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіне қатысты аудиторлық есепке сәйкес, Кубашева Гулшат Борангалиевна ҚР ҚК-нің 189 бабының 4 бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылғандығы анықталды.
2021 жылдың 21 қаңтары күні «Antikor.Live» жобасы шеңберінде Мұқыр ауылдық округінің фейсбук әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде Мұқыр ауылдық округі әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары бойынша есебі жүргізілді. Ешқандай ұсыныс-пікірлер болған жоқ.
Мұқыр ауылдық округі бойынша қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 2021 жылдың ақпан айында М.Зұлханов көшесіне «Телміріп тапқан теңгеден, тер төгіп тапқан тиын жұғымды» тақырыбында баннер орналастырылса, 15 наурыз күні округ әкімі аппаратының фейсбук әлеуметтік желісіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық таныт!» тақырыбында бейнематериал, 25 наурыз күні «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасының жадынамасы орналастырылды.
Округ әкімінің 2021 жылғы 1 наурыздағы №53 санды өкімімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында округ бойынша «Парасат жолы» орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізуде.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і, Мұқыр орта мектебі, МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі www. adaldyk.kz тіркелген.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған , 61-5-49 сенім телефондары жария етілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының басшысы
_____________________М.В. Есқалиев
«____» _______________ 2021 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Б.А. Қасымова
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Ә.А. Карон
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Н.Е.Өтесінова
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Р.Е. Нурлыбаева