Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының №2 хаттамасы

Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының

№2 хаттамасы

 

Миялы ауылы                                                                                 19.03.2021 жыл

                                                                                                     сағат 1000

 

Жиналыстың өткен жері: «Арман» мәдениет үйі.

Жиналысқа қатынасқан қоғамдастық мүшелерінің саны – 30. Жиналысқа қатынасқан өзге де қатысушылардың саны – 7. (жалғанған тізім бойынша)

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағалығына Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі  Т.Қазиев және хатшылығына Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі  Г.Өтеуғалиева ашық дауыспен сайланды.

Мәжіліс төрағасы:   Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі  Қазиев Тарас Оржанұлы.

Мәжіліс хатшысы:   Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі Өтеуғалиева Гүлмира Сүйеуқызы.

 

Күн тәртібінде:

1)Миялы ауылдық округ бюджетінің шығыстар жоспарына келісу және бекіту туралы.

2) 2021 жылға бос қалдық қаражаты бойынша жоспарына келісу және бекіту туралы.

3)Көктемгі тазалық айлығын өткізу туралы.    

4)Төрт түлік малдарды бақтыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы. 

5)Ауыл аумағынан шахталы, ұңғыма (скважина) құдықтар қазуды ұйымдастыру туралы. 

6) Миялы ауылы, 122 және 184 тұрғын үй үшін берілген жер учаскелерінің көшелеріне, жаңа көше атауларын, яғни тарихи тұлғалар мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі, жер-су атаулары  беруге келісу және бекіту туралы.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшесі  Т.Қазиев жиынды ашып, жүргізіп отырды.

        Т.Қазиев: Бүгін біздер Миялы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысын өткізгелі отырмыз. Жиналысқа ауылымыздың 47 көшесінен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысуда. Заң бойынша қоғамдастық мүшелерінің жартысы қатысқан кезде қоғамдастық жиналысы өтті деп есептеледі.   Қатысушылар саны сәйкес келуіне байланысты жиналысты бастаймыз. 

Құрметті жиналысқа қатысушылар, күн тәртібіндегі 6 мәселе бойынша баяндамашыға сөз кезегін берейін, ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды баяндама жасалғаннан кейін қоюға ұсыныс бар.

Күн тәртібіндегі 6 мәселе бойынша баяндама жасау үшін, Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары  Төкенов Мақсат Ғалдымұлына сөз беріледі.

Тыңдалды:

Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Төкенов:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, 2021 жылға шығыстардың жоспары 143 270,0 мың теңге. Оның ішінде, Миялы ауылдық округ әкімінің аппаратына компьютерлік техникалар мен округе қарасты нысандарға мемлекеттік жер актісін алу және тіркету жұмыстарына 3 468 376 тг, вакуумды автокөлік сатып алуға 18 981 000 тг, Миялы ауылының аумағындағы көшелер, саябақтар және билбордтардың жарық шамдарды мен желілерін күтіп ұстау үшін қажетті құрал-жабдық алуға 1 348 000 тг, көше шамдарының тоқ көзіне қаржы төлеуге 2 500 000 тг, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 549 400 тг, тазалық жұмыстарын жүргізу үшін жыл басында 6 000 000 тг қаралса қосымша 9 166 667 тг, Миялы ауылынан жаңадан салынатын тұтыну қалдықтарын орналастыру объектісін қоршау жұмыстарын жүргізуге               71 874 410 тг, Миялы ауылының көшелеріндегі билборд конструкцияларын жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізуге 803 200 тг, "Даңқ" атындағы саябақты жеңіл жөндеуге 1 925 000 тг, Миялы ауылын аббатандыру жұмыстарына 22 590 912 тг,  Миялы ауылындағы су айдау мұнарасын реконструкциялау үшін жыл басында 2 000 000 тг қаралса қосымша 10 063 156 тг қаражат жоспарларын бекітуді ұсынамын.

Жиналыс төрағасы Т.Қазиев - күн тәрітібіндегі бірінші мәселе бойынша ұсыныстарыңыз болама?

«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.

Ендеше күн тәртібіндегі Миялы ауылдық округ бюджетінің шығыстар жоспары бекітілсін.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, 2020 жылы                     16 760 000 теңге бос қалдық қаражаты қалды. Аталған бос қалдық қаражаты бойынша 2021 жылы төмендегіше жұмыстарды атқаруға келісім берулеріңізді сұрайды. Атап айтсақ, Миялы ауылының 6 көшелеріндегі (Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Қ.Өміршин,  И.Тайманов, Ә.Молдағұлова, Т.Әубәкіров) 60 дана прожекторларды,  жаңа LED-прожекторға ауыстыруға 2 400 000 тг,  тазалыққа қажетті тауарлар алуға 144 736 тг, Миялы ауылындағы кіре беріс арканың құрылысы ЖСҚ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жұмыстарын жүргізуге 200 199 тг, Миялы ауылының көшелеріне 4 дана бейне камера орнатуға жыл басында 558 259 тг қаралса қосымша 900 241 тг, Миялы ауылының аумағындағы талдарды, гүлдер мен көгалды (газон) отырғызу және суару, күтіп баптау, өсіруге жыл басында 2 000 000 тг қаралса қосымша                   2 185 561 тг, Миялы ауылының аумағына 68 дана жол белгілері мен ескерту белгілерін орнатуға 1 382 500 тг, «Жастар» атындағы саябақты күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама дайындауға 1 262 561 тг, «Жастар» атындағы саябақты күрделі жөндеу ЖСҚ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жұмыстарын жүргізуге 218 170 тг, балалар ойын алаңына арналған ойын кешенін сатып алу және орнату жұмыстарына жыл басында 6 965 000 тг қаралса қосымша 8 066 032 тг қаражат жоспарларын бекітуді ұсынамын.

Жиналыс төрағасы Т.Қазиев - күн тәрітібіндегі екінші мәселе бойынша ұсыныстарыңыз болама?

«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.

Ендеше күн тәртібіндегі 2021 жылға бос қалдық қаражаты бойынша жоспары бекітілсін.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, 2021 жылға Миялы ауылын көктемгі санитарлық тазалау және көріктендірілуі жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, 2021 атқарылатын тазалық жұмыстарына келісуіміз қажет.

Сөйлеушілер:

Миялы ауылының тұрғыны А.Дюсов: Тазалық айлығындағы сенбіліктерді тек қана 1 айға қоюға ұсынысын білдірді.

 Жиналыс төрағасы Т.Қазиев - күн тәрітібіндегі үшінші мәселе бойынша ұсыныстарыңыз болама?

«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.

Ендеше күн тәртібіндегі көктемгі тазалық айлығын өткізу туралы жоспары бекітілсін.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе ауыл тұрғындарының жеке сауынды, бойдақ сиырларды және қой-ешкі малдарын бақтырту жөнінде тоқталып өтті.

Сөйлеушілер:

Миялы ауылының тұрғыны Б.Әбділдиев: Миялы ауылының аумағына жақын маңында орналасқан жер учаскелерін игермей отырған шаруа қожалықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекетке кері қайтаруды ұйымдастыру  және Миялы ауылы аумағынан 15 қашықтықта болуын қамтамасыз етуді сұрады.

Миялы ауылының тұрғыны Т.Қазиев: Ауылда ит ату жұмыстарын одан әрі жалғастыру жұмыстарын жүргізу қажет екендігін атап өтті.

Жиналыс төрағасы Т.Қазиев - күн тәрітібіндегі төртінші мәселе бойынша ұсыныстарыңыз болама?

«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.

Ендеше күн тәртібіндегі төрт түлік малдарды бақтыру жұмыстары ұйымдастырылсын.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе биылғы жылы Ойыл өзеніне көктемгі өр суы келмесе және жауын шашын болмаса төрт түлік малдарды суару қиынға түсуі мүмкін. Осы бағытта Миялы ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында ағымдағы жылдың ақпан айында ауылдың әр бағыттына шығатын қой кезек иелерімен жиалып сөйлесілді. Бұл жиында екі бағытқа бір ұңғыма құдық қазу жөнінде келісіліп жоспарланды. Осы жұмыстардың шешілу жолдары алдағы уақытта халық жиналып бір ауыздан қосылса, жұмыстардың шешімі табылатыны сөзсіз екендігін атап өтті.

Жиналыс төрағасы Т.Қазиев - күн тәрітібіндегі бесінші мәселе бойынша ұсыныстарыңыз болама?

«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.

Ендеше күн тәртібіндегі ауыл аумағынан шахталы, ұңғыма (скважина) құдықтар қазу жұмыстары ұйымдастырылсын.

Келесі күн тәртібіндегі алтыншы мәселе  осы уақытқа дейін көше атауын беру жөнінде ауыл тұрғындарынан 6 өтініш түскен. Алайда, мемлекет басшысы жергілікті жерлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ, кісі аттарын мейлінше шектеу қою туралы  барлық билік тармақтарына қатаң ескерту жөнінде (2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5) тапсырма берді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында, «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдер жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісіп, бекітілген. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің жаныдағы Республикалық ономостика комиссиясының 2018 жылғы 12 наурызда өткен отырысында қаралып, мақұлданды.

Жаңадан тұрғын үй салатын тұрғындардың тұрғын үй құжаттарын уақытылы, кедергісіз орындалуының алдын алу мақсатында Мөлтек-3 ықшам ауданындағы 122 жер телімі орналасқан 4 көшеге және  Мөлтек-4 ықшам ауданындағы 184 жер телімі орналасқан 5 көшеге, барлығы 9 (тоғыз) көшелерге атауларын беруіміз керек. Сіздерге Республикалық Онамастикалық комиссияға ұсынылған тізім бойынша осы аталған көшелерге өз келісімдеріңізді беруіңізді сұраймын.

№

Бұрынғы сандық атаулар

Атауы

Қысқаша деректер

1

1-көшеге

Салық Зиманов

(1921-2011 жж.) Қоғам және мемлекет қайраткері, заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор.

2

2-көшеге

Қаршыға Ахмедияров

(1946-2010 жж.) Күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі

3

3-көшеге

Күйші Дина

(1861-1955 жж.) Күйші-композитор.

4

4-көшеге

Әбілқайыр хан

(1693-1748 жж.) Билік құрған Кіші жүз ханы.

5

5-көшеге

Зейнолла Қабдолов

(1927-2006 жж.) Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы.

6

6-көшеге

Фариза Оңғарсынова

(1939-2014 жж.) Қазақстанның халық жазушысы, ақын.

7

7-көшеге

Хиуаз Доспанова

(1922-2008 жж.) Ұлы Отан соғысының майдангері, әскери ұшқыш, Халық Қаһарманы.

8

8-көшеге

Бауыржан Момышұлы

(1910-1982 жж.) Кеңес Одағының Батыры, әскери қолбасшы, майдангер жазушы.

9

9-көшеге

Тәуелсіздік

Бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.

 

Жиналыс төрағасы Т.Қазиев - күн тәрітібіндегі алтыншы мәселе бойынша ұсыныстарыңыз болама?

«Қарсы», «Қалыс» - жоқ.

Ендеше Миялы ауылының 122 және 184 тұрғын үй үшін берілген жер учаскелерінде жаңадан бой көтерген және сандық атаумен аталып тұрған көшелерге, жаңа көше атаулары бекітілсін.

 

Қоғамдастық жиналысының мүшелері күн тәртібіндегі 6 мәселені талқылап келісетіндіктерін білдіріп шешім қабылдады.

Бүгінгі жиналыста жергілікті қоғамдастық мүшелерімен айтылған ұсыныс пікірлерді  ескере отырып,  жергілікті қоғамдастық жиналысы ШЕШІМ ЕТЕДІ: 

1)Миялы ауылдық округ бюджетінің шығыстар жоспары бекітілсін.

2) 2021 жылға бос қалдық қаражаты бойынша жоспары бекітілсін.

3)Көктемгі тазалық айлығын өткізу ұйымдастырылсын.    

4)Төрт түлік малдарды бақтыру жұмыстары ұйымдастырылсын. 

5)Ауыл аумағынан шахталы, ұңғыма (скважина) құдықтар қазуды ұйымдастырылсын.

6) Миялы ауылының 122 және 184 тұрғын үй үшін берілген жер учаскелерінде жаңадан бой көтерген және сандық атаумен аталып тұрған көшелерге, жаңа көше атаулары төмендегіше бекітілсін.

№

Бұрынғы сандық атаулар

Жаңа көше атауы

1

1-көшеге

Салық Зиманов көшесі

2

2-көшеге

Қаршыға Ахмедияров көшесі

3

3-көшеге

Күйші Дина көшесі

4

4-көшеге

Әбілқайыр хан көшесі

5

5-көшеге

Зейнолла Қабдолов көшесі

6

6-көшеге

Фариза Оңғарсынова көшесі

7

7-көшеге

Хиуаз Доспанова көшесі

8

8-көшеге

Бауыржан Момышұлы көшесі

9

9-көшеге

Тәуелсіздік  көшесі

 

7) Жоғарыда аталған ұсыныс пікірлерді жинақтап іс-шара жасақтау және заңдылыққа сай тиісті жұмыстарды ұйымдастыру Миялы ауылдық округі әкімі аппаратына тапсырылсын.

 

                         

Жиналыс төрағасы                                                         Т.Қазиев

 

 

Жиналыс хатшысы                                                        Г.Өтеуғалиев

Миялы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының №2 хаттамасы
Дата публикации
26 марта 2021