|
«Қызылқоға ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Қызылқоға ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
осы шешімнің қосымшасындағы:
1) Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы, Көшәлі Жүсіпов көшесі, №2 үй, №9 орта мектеп ғимаратында орналасқан №156 сайлау учаскесі Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы, Түлкібай Мұқанғалиев көшесі, №6 В үй, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Қызылқоға ауданы білім бөлімінің Сағыз орта мектебі» ғимаратына ауыстырылсын.
2) Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы, Шафих Ізбасов көшесі, №8 үй, Кенбай орта мектебінің ғимаратында орналасқан №157 сайлау учаскесі Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы, Көшәлі Жүсіпов көшесі, №22 үй, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Қызылқоға ауданы білім бөлімінің №9 орта мектеп» ғимаратына ауыстырылсын.
3) Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы, Айдын елді мекені, №7 үй, ауылдық клуб ғимаратында орналасқан №152 сайлау учаскесін жабылды деп танылсын.
4) қосымшаға сәйкес, сайлау учаскелерінің реттік нөмірлері өзгертілсін.
Аудан әкімі Н.Бисембиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Мұқанов
|
«__» ____ 2021 жыл |
|
|