Қайталама куәліктті немесе анықтаманы қалай аламыз?

Қайталама куәліктті немесе  анықтаманы қалай аламыз?

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе веб-портал арқылы электрондық түрде  қайталама куәлік немесе анықтамаға өтініш бере алады.

Қайталама куәліктер мен анықтамалар - 3 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды кез келген тіркеуші орган азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу орнына қарамастан  алуға болады.

Бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, сондай – ақ енгізілген өзгерістерге, толықтыруларға және түзетулерге байланысты мұрағаттық акт жазбасының негізінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік  беріледі.

Қайталама куәліктер азаматтық хал актісін тіркеу туралы жазба жасалған адамдарға қатысты беріледі. Берілетін қайталама куәліктердің бірінші бетінің жоғарғы жағында «Қайталама» деп көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес берілген сенімхаты болған кезде қайталама куәлік заңды өкіліне беріледі

Он алты жасқа дейінгі балалардың тууы туралы қайталама куәліктері ата-аналарына, қорғаншыларына, ұл (қыз) бала асырап алушыларға, қамқоршыларына және сол балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі, он алты жастан асқан, бiрақ он сегіз жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға ата-анасының бiреуiнiң не қорғаншысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде  берiледi.

Қайталама қайтыс болу туралы  куәліктер қайтыс болған адамның жақын туыстарына, мұрагерлерлеріне  беріледі. Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік ісі бар нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.

Анықтама АХАЖ АЖ «электрондық үкімет» порталы арқылы электронды түрде беріледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы кез келген тіркеуші орган он алты жастан бастап АХАЖ АЖ-де тексеру негізінде береді.

Азаматтық хал актілері жазбаларының мәліметтері бар анықтамалар: акт жазбасы жасалған азаматқа,  ата-аналарға, асырап алушыларға, қорғаншыларға және қамқоршыларға, әрекетке қабілетсіз адамдардың қорғаншысы болып табылатын азаматтарға, қайтыс болған адамның туыстары мен мұрагерлеріне, оның өкілеттігін растайтын азаматтардың өкілдеріне беріледі.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер алғаны үшін - 1 АЕК, ал анықтамалар үшін - 0,3 АЕК   төлем төленеді.

 

С.Жұбаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және  азаматтық      хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы                                                                      

Қайталама куәліктті немесе анықтаманы қалай аламыз?
Дата публикации
12 марта 2021