Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №78 ««Қызылқоға ауданының елді мекендерінеде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы»» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізімінде №4368 санымен тіркелген, 2019 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
- Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы №214 «Қызылқоға ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы» Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізімінде №4481 санымен тіркелген, 2019 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Тұрдағалиевқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні