Мұқыр ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№3
20.12.2020 жыл Мұқыр ауылы
Жиналыс төрағасы: А.Сакиев
Жиналыс хатшысы: С.Сарсенғалиева.
Өткізілген орны: Мұқыр ауылдық клубы
Сағ: 10:00
Қатысқандар саны: 35 адам.
Күн тәртібінде:
Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасына Мұқыр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сакиев Акниет және хатшылығына «Алтын кілт» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Сарсенғалиева Сапура ашық дауыспен сайланды.
Тыңдалды:
Сондықтан күн тәртібіндегі мәселе бойынша мәліметті тыңдап, соған сәйкес ұсыныс пікірлеріңіз болса айтуға рұқсат.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Нұрлыбаеваға беріледі.
Округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Нурлыбаева:
-Құрметті жиынға қатысушылар! 2020 жылы жергілікті өзін-өзі басқару есепшоты бойынша қаржылық есептер, жалпы бюджетке қаралған қаржы көлемі 118 978,0 теңге. Оның 3 млн теңгесі кері қайтарылды. Қалған қаржылар игерілді. 2020 жылға арналған МСУ жоспары 7 775 000 теңге.
Жеке тұлғаның көлік салығынан 6 800 000 теңге жоспарланса, бүгінде 5 758 974,14 теңге орындалып отыр.
Заңды тұлғаның көлік салығы 30 000 теңгеге жоспарланып, 34 692 теңгеге орындалды.
Жер салығы бойынша 300 000 теңге жоспарланып, 305 698,42 теңге орындалды.
Мүлік салығы бойынша 485 000 теңге жоспарланып, бүгінде 385 269,32теңге, жалдау бойынша жоспарлы 160 000 теңгенің, бүгінде 115 297 теңгесі орындалып тұр. Барлығы 7 234 623,88 теңгеге 93 пайызға орындалды.
2021 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару есепшотының түсім жоспары 8 235 000 теңге бекітуді ұсынамын.
Жиналыс төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сакиев- Баяндалған мәліметке сай айтар ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруді ұсынамын.
Қарсы. Қалыс. Жоқ
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Өтесіноваға беріледі.
Округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Өтесінова:
-«Бейбарыс» шаруа қожалығының иесі Елемесов Карим мал басының көбеюіне байланысты «Мұратқұдық» алқабынан «Қасқыртүбек» алқабына қарай 3000 гектар жер,
Жұмағазиев Сейфолла «Шұңқыркөл» алқабынан 1500 гектар жер, Сағытжанов Атшыбай «Қарақұдық» алқабынан 1000 гектар жер сұрайды. Осы мәселеге пікір білдірулеріңізді сұраймыз.
Сөйлеушілер:
Мұқыр ауылының тұрғыны Отаров Ізбасар:
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында тұрғындардың сұраған аталған жерлері мал жайымынан 15 км қашықтықта болса, келісуге болады.
Қарсы емеспін.
Жиналыс төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сакиев- Баяндалған мәліметке сай айтар ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруді ұсынамын.
Қарсы. Қалыс. Жоқ
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз округ әкімі М.Василийұлына беріледі.
Мұқыр ауылдық округінің әкімі М.Есқалиев:
-Өздеріңіз білетіндей Мұқыр ауылының теміржолдың арғы бетінде, яғни 6 ауылда бас жоспар бойынша ешқандай әлеуметтік нысандар салуға рұқсат етілмеген. Өткен жылдарда Мұқыр ауылының Бас жоспары бекітілген, бірақ онда 6 ауыл көшелеріне әлеуметтік нысандар түспеген.
Алайда, Мұқыр ауылының 6 ауыл тұрғындарының атынын округ әкімі аппаратына өтініш келіп түсті. Сондықтан алдағы жылдарға әлеуметтік нысандар салу үшін(балабақша, мектеп және өзгеде әлеуметтік нысандар) Бас жоспарға егжей-тегжейлі өзгерістер енгізуді ұсынамын.
Сөйлеушілер:
Мұқыр ауылының тұрғыны Құттыбаев Есқабыл:
Бас жоспарға өзгеріс енгізуді қолдаймын. Себебі алтыншы ауылға әлеуметтік нысандар түсетін болса, ауылымыздың экономикасынада оң әсерін берері анық.
Жиналыс төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сакиев- Баяндалған мәліметке сай айтар ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруді ұсынамын.
Қарсы. Қалыс. Жоқ
4.Жиналыс төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сакиев
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе сөз округ әкімі аппаратының бас маманы Б.Қасымоваға беріледі.
-Мұқыр ауылында 9 көше атауымен және 3 сандық атаумен тұрған, барлығы 12 көше бар.
Аудандық және жергілікті жерден шыққан тұлғалардың атауына Ғ.Есенғалиұлы, С.Есенғалиев, М.Зұлханов, Б.Айтмағанбетов, Ғ.Сланов, Б.Аманшин, М.Даулетбаев, М.Сұлтанов, Ж.Кенжебаев көше атаулары берілген. Алайда, сандық атаумен тұрған 4-5-6 ауыл көшелері бар. Осы мақсатта, ескі үлгідегі сандық атаумен тұрған көшелерге жаңа үлгідегі көше атауын беру үшін бөлуіміз қажет. Қорытындылай келе, 4 ауыл көшесін 2 көшеге, 5 ауыл көшесін 3 көшеге, 6 ауыл көшесін 4 көшеге беруге ұсыныс етемін.
Сөйлеушілер:
Мұқыр ауылының тұрғыны Ділмухашев Сағынай:
Сандық атаумен тұрған көшелерді тұрғындар санына қарай, қажетінше көшелерге бөліп, көше тәртібін сақтай отырып, көше атауын беруге қарсы емеспін.
Алайда, осы мәселе бойынша шешім қабылдауды келесі жиналысқа қалдырсақ деген ұсынысым бар. Себебі, көшелерді көшеге бөлу үшін ауылымыздың картасына сәйкес сызба жасақтап бөлуді жөн деп санаймын. Және көшелерге бөлу кезінде қоғамдастық мүшелері қатынасса деген ойым бар.
Мұқыр ауылының тұрғыны Бөлекбаева Қанзиба: Менде осы ойға қосыламын. Көшелерді бөлу үшін сызбамен танысқанды жөн деп санаймын.
Жиналыс төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сакиев-
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша шешім қабылдау келесі қоғамдастық жиналысына қалдыруға ұсыныс етемін.
Қарсы. Қалыс. Жоқ
Мұқыр ауылдық округінің қоғамдастық мүшелерінің жиналысы
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жиналыс төрағасы: А.Сакиев
Хатшы: С.Сарсенгалиева