Тайсойған ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының Хаттамасы №1

Тайсойған ауылдық округі жергілікті қоғамдастық

жиналысының

Хаттамасы

№1

 

Тайсойған ауылы                                                                               28.12.2020 жыл

                

                                                         КҮН ТӘРТІБІ:

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Өңірлерді дамытудың 2020 -2025 жылдарға  дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» №990 қаулысына сай  бағдарлама бойынша  2021 жылы атқарылатын жұмыстарды айқындау, 2021 жылға арналған кіріс-шығыс жоспарларын бекіту.

 

 

Қатынасқандар: Ауыл тұрғындары, көше комитеттері төрағалары, жергілікті қағамдастық мүшелері.  Барлығы: 17 адам.

 

Жиналыс төрағасы:   К.Оразов

Жиналыс  хатшысы:   Д.Жұмахметов

 

          Күн тәртібіндегі мәселені округ әкімі М.Куанишов жиналысқа қатысушыларды таныстырып, жиналысқа төрағалық етті.

           М.Куанишов:

          Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын ,Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру»атты Қазақстан халқына Жолдауын,Елбасының «Нұр Отан париясының»XVIII кезекті съезінде өңірлік саясатты іске асыру шеңберінде әзірленді.
          Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 185 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
            Мемлекет басшысы қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, өңірлік дамытудың барлық жүйесін заманауи қағидаттарда жаңғырту қажет. Стратегиялық басқару жүйесін республикаішілік өңіраралық (трансөңірлік) және макроөңірлік деңгейде ұйымдастыру мемлекеттің стратегиялық жоспарлау институттарының, өңірлердің, қоғамдық бірлестіктердің, бизнестің және сараптама қоғамдастығының рөлін арттырумен қоса жүргізілуі тиіс.
            Бағдарламаның басты мақсаты елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Аталған бағдарламаға сай 2021 жылы жасалатын негізгі жұмыстарды нақтылау үшін ұсыныс пікірлер айтуларыңыз сұраймын.

Келер жылға бағдарлама бойынша 916 000 (тоғыз жүз он алты) мың қаржы жоспарланған. Аталған қаржының жұмсалу бағыттарын, мақсаттарын бірлесіп шешуіміз қажет. Сол себепті өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді айтуларыңызды сұраймын.

2021 жылдың бюджеті бойынша 4831 млн. тенге қаралды.Осының ішінде қызметкерлердің жалақысы,округкке қажетті кеңсе құралдары,7,0 млн теңгеге тазалық жұмыстары,1,0 млн. тенгеге тал ,гүл егу,суару ,1,0 млн тенгеге округтің тазалығын бақылау мақсатында көшелерге контейнерлер қойылды.

Өз тарапымыздан ойын алаңын қоршау салуды ұсынамыз.  Осы жобаларға пікірлеріңізді айтсаңыздар.

Т.Өрбісінов-ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдастық мүшесі.

Құрметті бүгінгі жиналысқа қатысушылар! Күн тәртібіндегі айтылған мәселелер өзекті болып саналады. Аталарымыз айтқандай, «келісіп шешкен іс-келте болмас». Бұл бағдарлама бүгінгі жаһандық нарықтық дағдарыс уақытында дер шағында қабылданған Үкіметіміздің Елбасы жолдауын іске асыру бағытындағы нақты шаралары деп білемін. Өздеріңіз білетіндей, осы бағдарлама шеңберінде соңғы жылдары ауылымызда біршама ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда,  ауыл жастарына арналып шағын футбол алаңы, тренажерлер  салынып, ауыл көркін айшықтай түсті. Жас жеткіншектеріміздің салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін осындай шағын ойын алаңдары аса қажет. Жиынға қатысушылар аталған ұсынысты қолдайды деп сенемін.

Жұмахметов Дастан- Тайсойған ауылдық клубының директоры.

Жиында қаралып, ұсынылып отырған мәселе ауылымыздың балалары мен жасөспірімдері үшін демалыс орындарына айналуы қажет орын болмақ. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауылымызда жаңа типтік ойын құралдарын қоршау  маңызды, қажетті кезек күттірмейтін жұмыстар деп ойлаймын. Қазіргі орнатылған ойын құралдары өзінің тиімділігін жойып, қондырғылары істен шығып жарамсыз болып қалмауы үшін ,  ойын құралдарының сыртынан қоршау  салу жөніндегі ұсынысты қолдаймын.

Жиналысты қорытындылай келе, қатысушылардың  ұсыныс-пікірін басшылыққа ала отырып, Тайсойған ауылдық қоғамдастық жиналысы                              

                                         ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

        1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Өңірлерді дамытудың 2020 -2025 жылдарға  дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» №990 қаулысына және  жергілікті қоғамдастық мүшелерінің келісіміне сай         2021 жылы балаларға арналған ойын құралдарын қоршау  жұмыстары ұйымдастырылсын.

  1. 2021 жылға арналған кіріс-шығыс жоспарлары бекітілсін.

       Жиналыс төрағасы                                                        К.Оразов

 

      Хатшы                                                                                 Д.Жұмахметов

Тайсойған ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының Хаттамасы №1
Дата публикации
22 февраля 2021