Тасшағыл ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ №1

 

 

Тасшағыл ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№1

                                                                           

Тасшағыл ауылы

Тасшағыл орта мектебінің акт залы                                                  25 қаңтар 2021жыл

 

Жиналысқа қатынасатындардың саны-11

Қатысқандар саны: 10

 

Жиналыс төрағасы- Жумагалиев Сандибек Айткалиевич

Хатшысы-Төкеш Жаңагүл Әжігерейқызы

      1.Кереева Улан Доскайровна-Жәрдем Бүркішов көшесі

      2.Жусупов Самат Берекетович-Жамбыл Жабаев көшесі

      3.Төкеш Жанагүл Әжігерейқызы-Қуан Досығалиев көшесі

      4.Таспан Жанас Таспанұлы-Қоғам елді мекені

      5.Елеуова Арайлым Жаксигалиевна-Қуан Досығалиев көшесі

  1. Жумагалиев Сандибек Айткалиевич-Жамбыл Жабаев көшесі

      7.Уразгалиева Бибигул Кыдырсиковна-Сәкен Сейфуллин көшесі

      8.Ажигалиев Рахим Максотович-Нәсіпқали Мирамов көшесі

  1. Бердешов Беркінғали-Қоныстану елді мекені
  2. Сарсенгалиев Адил-Нәсіпқали Мирамов көшесі

Күн тәртібі:

      1.Күн тәртібіне жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелерін талқылау. (Хабарламашы Г.Изимова)

      2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын таныстыру және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес округте жасалатын жұмысты нақтылау.

 

Тыңдалды:

      Округ әкімі Г.Изимованың хабарламасы. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану тәртібі бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының қазынашылық органнан арнайы шоттар ашылған. 2021 жылы  1 896,0 теңге қаржы түседі деп жоспарлап отырмыз. Осы қаржыларды сіздердің қатынасуыңызбен жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен жергілікті маңызды салаларға шығарып пайдалану керек. Осы мақсатта жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру бағытталған қаржының түсімдерімен шығыстарының жасақталған жоспарын сіздердің талқылауларыңызға ұсынамын. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі  №862 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленген жобаны нақтылау. Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша округтегі Ж.Жабаев көшесінің 800х5=4000 шаршы метр жерін қоршау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Оған 1 959,0 мың теңге қаржы қаралып отыр.

 

 

 

 

Сөйлеушілер:

         Таспан Жанас-шаруа қожалық төрағасы:  Бүгінгі жиналыста айтылған ұсыныс-пікірлерді қолдаймын.Үкіметіміздің қабылданған өңірлік бағдарламасын естіп, біліп жүрміз. Бұл бағдарлама өзінің дер шағында қабылданған бағдарлама деп білемін. Біз осы бағдарламамен жұмыс жасауымыз қажет. Ауылымызға балалар, қарттар демалатын демалыс орны қажет болып отыр. Сондықтан осы бастайтын жұмысты қолға алуға бар күш жігерімізді салуымыз керек. Мен бұл ұсынысты қолдаймын.

          Жүсіпов Самат-вет пункт меңгерушісі: Ауылымыз жылма-жыл көркейіп келеді. Ауылымызда балалар, ауылдың қарттары демалатын орындар қажет-ақ. Округке қоршау жұмыстарын құптаймын. Бұл ауылымыздың көркейуіне демалатын орындардың болуы өте жақсы. Алдағы уақытта тал егіп, демалатын орындарға айналса деймін. Сондықтан бұл ұсынысты қоғамдастық мүшелері де қолдайды деп ойлаймын.

      Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының түсімдерімен шығыстарының жасақталған жоспары қоғамдастық жиналысына қатынасушы өкілдерге дауысқа салып бір ауыздан мақұлдады.

       

       Бүгінгі жиналыста айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып жергілікті қоғамдастық жиналысы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

       1.Округ әкімі аппаратының 2021 жылғы жасақталған жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану жоспары бекітілсін.

       2.Қоғамдастық мүшелерінің келісімімен «Өңірлерді дамыту»  бағдарламасына Тасшағыл ауылының Ж.Жабаев көшесінің 4000 шаршы метр жерін қоршау жұмыстарының құжаттарын дайындап, тиісті орындарға ұсыныс беру округ әкімі аппаратына тапсырылсын.            

       3.Жоғарыда аталған ұсыныс-пікірлерді және қабылданған шешімнің орындалысын қамтамасыз ету Тасшағыл ауылдық округінің әкімі аппаратына тапсырылсын.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                                                       С.Жумагалиев

                                       

        Хатшы:                                                                                               Ж.Төкеш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тасшағыл ауылында өткен Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқан ауыл тұрғындарын

ТІРКЕУ

 

Өткізілген күн:_________________2021 жыл

Өткізілген орны: Тасшағыл ауылы, Н.Мирамов №24

Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты ғимараты

 

Р/с

Аты-жөні

Қызметі

Қолы

1

Кереева Улан Доскайровна

Бала бақша меңгерушісі

 

2

Жусупов Самат Берекетович

Вет пункт меңгерушісі

 

3

Төкеш Жанагүл Әжігерейқызы

Психолог

 

4

Таспан Жанас Таспанұлы

Шаруа қожалық төрағасы

 

5

Елеуова Арайлым Жаксигалиевна

Мұғалім

 

6

Жумагалиев Сандибек Айткалиевич

Кәсіпекр

 

7

Уразгалиева Бибигул Кыдырсиковна

Бала бақша әдіскері

 

8

Ажигалиев Рахим Максотович

Шаруашылық меңгерушісі

 

9

Бердешов Беркінғали

Шаруа қожалық төрағасы

 

10

Сарсенгалиев Адил

зейнеткер

 

 

Тасшағыл ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ №1
Дата публикации
22 февраля 2021