Көздіғара ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ №9

 

Көздіғара ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ №9

 

Қоныстану ауылы                                              30 желтоқсан 2020 жыл

 

Өткен жері:Көздіғара ауылдық округі әкімі  ғимараты

Қатысқандар жергілікті қоғамдастық мүшелері  -9 адам

                           

 

Жиналыстың  күн  тәртібі:

 

  1. Көздіғара ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетін бекіту туралы.

Тыңдалды:

 

       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша округ әкімі А.Ақбалашұлының хабарламасы;

      Құрметті жиналысқа қатынасушылар! Күн тәртібіндегі мәселе бойынша округте  2021 жылы атқарылатын төмендегі  қызметтерге қаржы қаралып отыр.008 – бағдарламасы бойынша   елді  мекен  көшелеріндегі  көше  шамдарына ақы төлеуге ,009- бағдарламасы бойынша елді мекен көшелерінің тазалығына,қоқыс алаңдарын түйдіруге, , 011- бағдарламасы бойынша елді мекендерді  абаттандыру тал егу, ауылдағы баннерлерді ауыстыру,оларды күтіп ұстауға, ,040- бағдарламасы бойынша өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес балалар ойын алаңына ойыншықтар алып орналастыруға. Осы қаржыларды қоғамдастық  арқылы  бекітуіміз  қажет.Осыған сіздер пікір білдіріп бекітіп берсеңіздер деген ұсынысым бар.

   Соған байланысты қатысушылардың ашық сайлауы арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлап алуды ұсынды

Төлеуов Мұрат - қоғамдастық мүшесі

   Құрметті жиналысқа қатынасушылар! Мен қоғамдастық жиналысының төрағасына А.Рашқалиевті  , хатшысына  Әбішева Ақбаянды  ұсынамын

  Ұсынысқа сәйкес қоғамдастық жиналысының төрағасына А.Рашқалиев, хатшысына Әбішева Акбаян  ашық дауыспен сайланды.

Сөйлеушілер;

Ерекенов Қайырғали- ауыл тұрғыны, қоғамдастық мүшесі;

      Құрметті жиналысқа қатынасушылар! Округ әкімінің хабарламасын тыңдадық. Бюджетті  қоғамдастық арқылы бекіту жақсы бастама.Бұрын азын аулақ қаражатты қадағалап отырушы едік мынау округтің бүкіл тыныс тіршілігі көз алдымыздан өтіп оған бөлінген қаражатты қадағалап отыруға үлкен мүмкіндік.Сондықтан бюджеттің бөлініп отырған қаржысын  бекітуге  қарсылығымыз  жоқ  деген  пікірдемін.

    Көздіғара ауылдық округі қоғамдастық жиналысы округ әкімінің хабарламасында баяндалған мәселелер  бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Көздіғара ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджеті бекітілсін.

 

Жиналыс  төрағасы:                                                             А.Рашқалиев

 

Жиналыс хатшысы:                                                              А.Әбішева

Көздіғара ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ №9
Дата публикации
22 февраля 2021