Ойыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынының ХАТТАМАСЫ

Ойыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынының

ХАТТАМАСЫ.

  Жасқайрат ауылы                                                                                        27 қараша  2020 жыл

                                                                   

Ойыл ауылдық округінде 27 қараша  күні сағат 15.00-де қоғамдастық жиыны   болып өтті. Жиынға 13  қоғамдық мүшесі қатысты.

Жиналыс төрағалығына  И.Конаров, хатшылығына  Б.Жанкуатов  ұсынылып, бірауыздан сайланды.

Жиналысты одан әрі төраға И.Конаров  жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде:

  1. Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратына қарасты «Өрімтал» бөбекжай балалар бақшасын Атырау облысының білім беру басқармасының коммуналдық меншігіне беру туралы.
  2. Ойыл ауылдық округі бойынша 2021 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жасалатын жұмыстар
  3. 2021 жылға арналған кіріс-шығыс жоспарларын  бекіту (Үш мәселе бойынша хабарламашы  округ әкімі М.Жексенов)

 

Тындалды:

Күн тәртібіндегі мәселе  бойынша округ әкімі  М.Жексенов   хабарлама жасады.

Құрметті жиынға қатысушылар. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы»  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында аудан әкімі Н.Бисембиевтің 2020 жылы 6 қарашада №269-шы қаулысы шыққан болатын. Қаулыда аудандық коммуналдық меншіктегі «Қызылқоға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мүліктік кешен ретінде алынып, Атырау облысының коммуналдық меншігіне берілсін делінген. Соған сәйкес «Өрімтал» бөбекжай балалар бақшасын Атырау облысының коммуналдық меншігіне беру үшін сіздермен қоғамдастық жиынын өткізіп отырмыз. Осы  жиында    2021 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жасалатын жұмыстарды және 2021 жылға арналған кіріс-шығыс жоспарын бекіту жұмыстарын да қарап  отырмыз.    

  Жиын барысында  сөйлеген қоғамдастық мүшелері келісетіндіктерін білдіріп, шешім қабылдады.

Ойыл  ауылының қоғамдастық жиыны күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе Қаулы етеді:

  1. Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратына қарасты «Өрімтал» бөбекжай балалар бақшасы Атырау облысының білім беру басқармасының коммуналдық меншігіне берілсін.
  2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Жасқайрат ауылында орналасқан балалар ойын алаңына жаңадан ойыншықтар және орталық стадионға тринажорлық құралдар алу жұмыстары ұйымдастырылсын.
  3. 2021 жылға арналған кіріс-шығыс жоспарлары бекітілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                     И.Конаров

 

 

Жиналыс хатшысы                                                   Б.Жанкуатов

Ойыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынының ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
22 февраля 2021