Жангелдин ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ №7

 

Жангелдин ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ №7

 

Жангелдин ауылы                                                        30 желтоқсан 2020 жыл

 

Өткен жері: Жангелдинауылдық округі әкімі  ғимараты

Қатысқандар жергілікті қоғамдастық мүшелері  - 12 адам

Жиналысты бастамас бұрын жергілікті қоғамдастық мүшелері өз араларынан Жақсығалиев Русланды жиналыс төрағасы, Бержанов Ғаділбекті жиналыс хатшысы етіп бір ауыздан сайлады.

Жиналыс төрағасы Жақсығалиев Русланды күн тәртібіне төмендегі мәселені ұсынды.

Жиналыстың  күн  тәртібі:

  1. Жангелдин ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетін бекіту туралы.
  2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша округте жасалатын жұмыстарды талқылау

Тыңдалды:

       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша округ әкімі А.Багдаровтың хабарламасы;

      Құрметті жиналысқа қатынасушылар! Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  округтің бюджеті келесі жылға 58 млн 272 мың теңге көлемінде болып отыр. Бұл қаражат өңірлерді дамытуға, көше жарықтандыруға, тазалық жұмыстарына ,еңбек ақыға арналған.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 1 552 000 теңге қаржыға Д.Асанғалиев көшесіндегі парктың қоршауын жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Паркты қоршауға 2 392 200 (екі миллион үш жүз тоқсан екі мың екі жүз теңге) қаржыны қажет етеді. Округтің есебінде 1 552 000 мың теңге қаржы бар. Осы қаржыға қосымша 840 200 (сегіз жүз қырық мың екі жүз теңге) қаржы қажет. Осы қажетті қаржыны округ есеп шотында қалған 1 249 031 мың теңге бос қалдық есебінен 840 200 теңгесін парк қоршауына және 408 831 теңгесін округтегі Д.Асанғалиев көшесіндегі жарық шамдарын LED проржеторға ауыстыруға жұмсауды жоспарлап отырмыз. Округтің көше жарығына 362 000 қаржы бөлініді, тазалық жұмыстарына 2 млн теңге бөлінді, бөлінген қаржының 1 млн теңгегесіне округ көшелеріне қосымша 30 дана контейнер сатып алынады және қалған 1 млн қаржы ауыл тазалығы (контейнерлерді тазалу, күл қоқыс алаңын түйдірту) үшін жұмсалады. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2 млн қаржы қарастырылған, оның ішінде 600 мың теңгесі тал суару, 400 мың теңгеге округ көшелеріндегі баннерлерді жаңартып отыру жұмыстарына және қалған 1 млн қаржы тал, көп жылдық гүл егу жұмыстарына жұмсалмақ.

 

Жекешелендіруді ұйымдастыру жұмыстарына 150 мың қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға округ әкімі аппаратының бұрынға автокөлігін аукционға шығару жұмыстары жүргізіледі. Осы қаржыларды қоғамдастық  арқылы  бекітуіміз  қажет. Осыған сіздер пікір білдіріп бекітіп берсеңіздер деген ұсынысым бар.

        Сөйлеушілер:

Маханов Багит - ауыл тұрғыны,зейнеткер қоғамдастық мүшесі;

      Құрметті жиналысқа қатынасушылар! Округ әкімінің хабарламасын тыңдадық. Бюджетті  қоғамдастық арқылы бекіту жақсы бастама. Сондықтан бюджеттің бөлініп отырған қаржысын  бекітуге  қарсылығымыз  жоқ  деген  пікірдемін.

Байдәулетова Рысбике - ауыл тұрғыны,зейнеткер қоғамдастық мүшесі;

Құрметті бүгінгі жиналысқа қатысушылар! Бөлінген қаржының қандай мақсатта жұмсалатына нақты, жіктеліп айтылды бюджеттен бөлінген қаржыны бекітуге деген қарсылығымыз жоқ. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жылма жыл жақсы жұмыстар жүргізіліп келеді, өткен жылы ауылға балаларға арналған ойыншықтар және далаға арналған тренажерлар қондырылғанын бәріміз білеміз. Осы жылы Д.Асанғалиев көшесінде орналасқан парктың қоршауын ауыстыру жұмыстары жүргізілетіні айтылды, мен қолдаймын себебі қоршау ескірген.

 

    Жангелдин ауылдық округі қоғамдастық жиналысы округ әкімінің хабарламасында баяндалған мәселелер  бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Жангелдин ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджеті бекітілсін.
  2. Жиналыста айтылған ұсыныс-пікірлерге сай, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Д.Асағалиев көшесіндегі парктың қоршауы жаңартылсын.
  3. Жасалатын жұмыстарды заңдылықтарға сәйкес жасату, Жангелдин ауылдық округ әкімі аппараты жүргізсін.

 

 

Жиналыс  төрағасы:                                                              Р.Жақсығалиев

Жиналыс хатшысы:                                                               Ғ.Бержанов

Жангелдин ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ №7
Дата публикации
22 февраля 2021