Құқық бұзушылықтың алдын-алу басты мақсатымыз!
Миялы ауылдық округі бойынша құқық бұзушылықтың профилактикасына бағытталған көптеген жұмыстар атқарылуда. Округте өткен жылы 47 көшені толықтай жарықтандыру жұмысы жасалды. Қәзіргі таңда орталық көшелерде 6 дана IP бейнекамерасы орнатылса, биылғы жылға 4 дана қосымша орнату жоспарлануда. Жеке кәсіпкерлер сауда орындарын бейнебақылау камераларымен қамтыған. Округтегі полиция қызметкерлері бейнетіркегіш құрылғылармен, басқа да қажетті жабдықтармен толықтай қамтылған. №1 учаскелік полиция пункітінде 3 учаскелік полиция инспекторы халыққа қызмет көрсетуде. Жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын – алу мақсатына өткен жылы «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік», «Абайлаңыз балалар», «Абайлаңыз жаяу жүргінші» атты оқушыларға жол жүру ережелері түсіндіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алкогольдік ішімдіктер мен есірткіні қолдануға теріс көз қарасты қалыптастыру мақсатында, аудандық спорт мектебінің ұйымдастыруымен 5 ірі көлемдегі әртүрлі спорттық шаралар өткізілді. Округте тероризм, діни экстремизм идеологиясын жақтаушы сотталғандар тіркелген жоқ. Бұл бағытта учаскелік полиция инспекторларымен бақылау жұмыстары жүргізілуде. Округ көлемінде қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау, олардың жолын кесу бағыттарында аудандық полиция бөлімімен және басқа да қоғамдық құрылымдармен бірлесіп өз қызметтерімізді атқара беретін боламыз.
С.А.Салықов, Миялы ауылдық округінің әкімі