2020 жылдың 12 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы

                                                          «БЕКІТЕМІН»

 

 

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ________ Е.Нуралин

«____»______ 2021жыл

 

 

2020 жылдың 12 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штаттық  құрылымы – 10.

Атап айтқанда басшысы, 3 бас маман, статист, мұрағатшы, әдіскер, басшының хатшысы, курерь,  автокөлік жүргізуші.

Бөлім басшысының 2020 жылдың 12 айында 88 бұйрық шығарылып,            187 аудан әкімдігі қаулысының жобасы дайындалып әкімдіктің қарауына ұсынылып, қабылданды. Шығарылған бұйрықтар мен қабылданған қаулылар бойынша сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

Бөлімнің басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілері                       ҚР 20.06.2003 жылғы Жер Кодексі, 23.11.2015 жылғы Еңбек Кодексі, 23.01.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы, 06.04.2016 жылғы «Құқықтық актілер туралы» Заңдары,  Қызылқоға ауданы әкімдігінің 02.03.2017 жылғы №39 «Қызылқоға ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы.

2020 жылы 12 айында бөлімге қатысты 3 тексеріс болды.

1) «Атырау облысының Жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-сі, Қа рабау ауылының тұрғыны Т.Кадиргалиевтың арызына сай:

Нәтижесінде: Өтініш иесінің Қызылқоға ауылдық округіне қарасты Темірқұдық алқабынан берілген 1000 га жер учаскесінің үстінен 0,76 га болатын жер асты арқылы «Қазақтелеком» АҚ-на тиесілі талшықты оптикалық байланыс желісінің өтіп жатырғаны анықталып, өзара келісу немесе сот арқылы шешу туралы ұсыныс берілді. (Акт №1 18.11.2020 жыл)

2) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-сі, 01.01.2019 – 10.11.2020 жылдары аралығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заңдылығы туралы:

Нәтижесінде: Жалпы саны 11 көрсетілген мемлекеттік қызмет стандарттың 4 тармағында «Мемлекеттік корпарацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда береді» делінген, бөлім тарапынан орындалу күні берілген. Сонымен қатар, бөліммен                      2019 жылдың 7 мамыр күні демалыс күні 1 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл бас мамандарға демалыс күндері қызметкерлердің келісімі негізінде бұйрыққа сәйкес қажетті жағдайда жасалу керектігі ескертіліп, түсіндірілді. (Бұзушылықты жою туралы ұйғарым 24.11.2020 жыл)

3) «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-сі, 2017-2020 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша Салықтық әкімшілдендірудің тиімділігіне және жергілікті бюджетке түсетін салық және салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақытылығының қамтамасыз етілуіне мемлекеттік аудит жүргізу:

Нәтижесінде: Аудан әкімдігінің 20.03.2020 жылы №60 қаулысына сай, 04.06.2020 жылғы №137 келісім шартқа негізінде «Север Монтаж Групп» ЖШС-нан  Қарабатан алқабынан өндірістік база салу және пайдалану үшін 33600,0 мың теңге сатылып берілген15 гектар жер учаскесінің қаржысының уақытылы төленбей (16800,0 х 0,1% х 7 күн =117,6) 117,6 мың теңге тұрақсыздық айыбы есептеліп, аудит барысында анықталған бұзушылықтар қалпына келтірілді. (Аудиторлық есеп №07-8/55 06.01.2021 жыл)

Жалпы тексеріс қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмады.

2020 жылдың 12 айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Қызылқоға» газеті бетіне және Atyrau.gov.kz интернет ресурсына 1 рет «Азаматтық борыш» тақырыбында (№17 (7169) 23.04.2020 ж.) мақала  жарияланды.

Бөлімге 2020 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан  10 өтініш түсіп, нәтижесінде 3 өтініш қанағаттандырылып, 7 өтінішке заңдылыққа сай түсінік берілді.  

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

Бөлім бойынша 13 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.                      2020 жылдың 12 айында барлығы 1272 қызмет көрсетілді.

1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту - 500;

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 15;

3) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлікті обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 383;

4) Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру – 188;

5) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 163;

6) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 3;

7) Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 16;

8) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» - 4;

9) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 0;

10) Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 0;

11) Жер учаскесін жекеменшікке ақысынбірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 1;

12) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 0.

13) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 0, мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

           Есепті мерзімде аудандық жер комиссиясы 17 рет өткізілді. 190 мәселе қаралып, нәтижесінде 183 мәселе қанағаттандырылып, 7 мәселеге заң шеңберінде түсінік берілді.  

2020 жылы жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын сатып алу үшін сауда саттық (аукцион) электронды форматқа көшірілді. Есепті жылда электронды түрде 4 рет аукцион ұйымдастырылды. Заң бұзушылықтар болған жоқ.

2020 жылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс                   2 рет ұйымдастырылды. Бірінші конкурс қорытындысы бойынша аудандық жер комиссиясының 22.10.2020 жылғы №1 хаттамасын (№8, 9, 10, 40 лоттар) заңсыз деп тану жөнінде Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына «Агрофирма «Жарылғасын» ЖШС-нан шағым түсті. Нәтижесінде сотта қаралып, мамандандырылған ауданаралық сотының 15.12.2020 жылғы             №2301-20-00-2/1542 шешімімен «Агрофирма «Жарылғасын» ЖШС-нан жер комиссиясынан түскен шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Басқалай заң бұзушылық анықталған жоқ.

 Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. 

         

         

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының жетекшісі ___________ Ж.Әжіғалиева  

  

«______»      ________  2021 жыл   

         

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі ___________ С.Бағытжанов  

 

«______»      ________  2021 жыл                    

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі ___________ Ж.Махметова  

 

«______»      ________  2021 жыл         

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, бөлімнің

әдіскері, жұмыс тобының мүшесі

 ___________ А.Қуанов  

  

«______»      ________  2021 жыл                    

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, бөлімнің

мұрағатшысы, жұмыс тобының мүшесі

 ___________ Қ.Нұрланов  

  

«______»      ________  2021 жыл                    

 

2020 жылдың 12 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы
Дата публикации
12 февраля 2021