Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі                             сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

12.01.2021.ж.                                                                            Миялы ауылы                                                                      

 

 

І.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі- «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының               2021 жылғы 12 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Жұмыс тобының басшысы:

Сабекенова Гүлназым- Жұмыс тобының басшысы, бөлімнің бас маманы;

Каленова Әсем- Жұмыс тобының мүшесі, бас маман;

А.Әнуарбеков - «АДА-Байдар» қоғамдық қорының  төрағасы, сарапшы

 4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2020 жылдың қортындысы бойынша.

5.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2)персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,     нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

         2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау

1)Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-6; азаматтық қызметшілер  саны- 2. Олар: 6 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және сектор меңгерушісі, 4 бас маман) мен 2 штаттан тыс қызметкер (статистикалық есепке алу және автокөлік жүргізушісі) барлығы 8 қызметкер жұмыс істейді.

2020 жылы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны:   барлығы   – 125 бұйрық берілген.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бөлім құжаттарын жеткізуді қамтамасыз етуші қызметкер (курьер)  Тілеужанова Алтын өз арызы негізінде жұмыстан босатылды.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды. Сонымен бірге, бөлімде «сенім телефоны» (87123821842) жұмыс жасайды.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (instagram) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Бөлімдегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

 2020 жылы бөлімінің ұйымдастыруымен электрондық мемлекеттік сатып алу жөнінде семинар Миялы ауылында өткізілді. Бұл басқосудың мақсаты: мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстыру арқылы олардың білімін жетілдіру.

Семинарға барлық бюджет әкімгерлерінің есепшілері, оған қарасты мекемелердегі есепшілері қатысты.

Бюджетті жоспарлау:

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының17-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы                   № 1271 "Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына budget.egov.kz орналастырылды.

 Бюджет қаржысын игеру:

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде                           28 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

Коммуналдық меншікті басқару:

 Коммуналдық мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру функциялары бойынша қызметтері автоматтандырылған. Қазіргі таңда, мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру,  тізілімнің веб-порталы www.gosreestr.kz  сайты арқылы жүзеге асырылады. Мүлікті сату туралы ақпараттық хабарламалар мерзімді баспа басылымдарында және тізілімнің веб-порталында жарияланады. www.gosreestr.kz  сайты арқылы сатып алушыны айқындайды және онымен сатып-алу шартын жасақтайды.

Есепті кезеңде 9 мүлік (автокөлік) электронды түрде сатылса, коммуналдық мүлік обьектілерін жалға беруден 14 және сенімгерлік басқару арқылы 10 мүлікке келісім шарт жасалып, аудан бюджетіне 9 110 159 теңге түскен.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша  1  түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1)Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары;

 Аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жеке тұлғалардан арыздар қағаз жүзінде қабылданады және қызмет қорытындысы қағаз жүзінде беріледі.

 2020 жыл бойы   барлығы  50 маманға мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді. Оның ішінде 27 маманның өтініштері қанағаттандырылмады.

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сай, құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылдануда. 2020 жыл бойы 32 маманның құжаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы қабылданып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жауаптары жазылып берілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар:

«Қызылқоға» аудандық қоғамдық-саяси газетіне 2020 жылғы 26 наурыз №12-13 «Жастарға сенім жоғары», 1 маусымдағы №23 «Электрондық аукцион қалай өтеді?» тақырыбында мақалалар жарыққа шықты.

Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың жүргізілген тексеру нәтижелері:

  • Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы         15 наурыздағы №2 аудиторлық есебіне сәйкес 2018жылғы Қызылқоға ауданының бюджетінің атқарылуына, 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық дамыту бағдарламасының іске асырылуына баға беру мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізілді.

ІІІ. Қортынды:

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
  3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

 

Сабекенова Гүлназым- Жұмыс тобының басшысы, бөлімнің бас маманы;

Каленова Әсем- Жұмыс тобының мүшесі, бас маман;

А.Әнуарбеков - «АДА-Байдар» қоғамдық қорының  төрағасы, сарапшы

 

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
11 февраля 2021