"Медиация туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401 – IV Заңына сәйкес, Қоныстану ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Қанатқали, Жарас Ығылман 2021 жылға арналған кәсіби емес медиаторлар тізіміне енгізілді
Өмірбаян
Мен, Нұрсұлтан Қанатқали, 1958 жылы 2 ақпанда Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосында дүниеге келдім. Осы селодағы Жаңашаруа орта мектебін 1975 жылы бітірдім.
Жұмысты «Жасқайрат» комсомол жастар бригадасында аға шопан болып бастадым.
1976-1978 жылдары Совет Армиясы қатарында болдым. 1980-1983 жылдар арасында Гурьев ауыл шаруашылық техникумының «механик-техник» мамандығы бойынша бітіріп, Жаңашаруа орта мектебіне технология пәнінің мұғалімі болып қызмет жасадым.
1990-1995 жылдары аралығында Атырау университетінің тарих-құқық мамандығын сырттай бітірдім.
1995 жылдан бері осы мектепте тарих-құқық пәнінің мұғалімі болып қызмет жасап келемін.
Отбасылымын, 3 балам бар.
Өмірбаян
Мен, Ығылман Жарас Шәкенұлы, 1980 жылы 4 қазанда Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосында дүниеге келдім. Осы селодағы Жаңашаруа орта мектебін 1997 жылы бітірдім.
1997-2001 жылдары аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-құқық мамандығы бойынша бітірдім.
2001 жылдан бері осы мектепте тарих-құқық пәнінің мұғалімі болып қызмет жасап келемін.
Отбасылымын, 5 балам бар.