Тасшағыл ауылдық округінің делдалдары туралы

Жексембі Құбайдолла Мұқашұлының өмірбаяны

       1958  жылы 1 қарашада Мақат ауданы, Доссор кентінде дүниеге келген. 1976-78 жылдары Совет Армиясы қатарында болған. 1980-1993 жылдар аралығында мал шаруашылығы саласында әртүрлі қызметте жұмыс атқарды. 1993 жылы Тасшағыл ауылдық округі жанынан Атырау қаласындағы «Құспан» мешітінде қысқа мерзімде имам дайындау курсында оқып, 1994 жылы Тасшағыл ауылдық округіне кеңесші қызметін атқарды. 2014-2015 жылдары Атырау қаласындағы орталық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған медресседе екі ай көлемінде дәріс алады.

 

Сәрсенғалиев Әділдің өмірбаяны

      1949 жылы 20 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылдық кеңесіне қарасты Ақкөбе елді мекенінде дүниеге келген.1957-1965 жылдары Жанкелдин ауылдық округіндегі Миялы сегіз жылдық мектебінде, 1965-1967 жылдары Ойыл ауылдық округіндегі сол кездегі Орлыкөл орта мектебінде оқып орта білім алған. 1967 жылдың 1 шілдесінен Жанкелдин атындағы кеңшарда көмекші шопандықтан бастап, 1968 жылдың қыркүйек 1980 жылдың 1 қазанына дейін сол кеңшарда комсомол ұйымының секретары, 1980 жылдың 1 қазанынан 1982 жылдың 13 мамырына дейін Жанкелдин атындағы кеңшарда құрылыс шебері болып қызмет атқарған.  1982 жылдың 13 мамырынан 1989 жылдың 24 қазанына дейін халық депутаттары Жанкелдин ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1991 жылдың 1 қаңтарына дейін Тасшағыл ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1991-1993 жылдың 30 желтоқсанына дейін Тасшағыл ауылдық кеңесінің төрағасы, 1993-2004 жылдың 14 мамырына дейін Тасшағыл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 2004-2012 жылдың 1 сәуіріне дейін Тасшағыл ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маман қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан. Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы».

 

Ермекова Гулайым Рамазановнаның өмірбаяны

         Ермекова Гулайым Рамазановна Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылында 1972 жылдың 2 наурызында дүниеге келді.1979 жылы Тасшағыл орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, осы мектепті 1989 жылы бітіріп шықты.  Қ.Дүтбаева атындағы педогогикалық колледжі, кейін А.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік универсиетін бітірді. Тасшағыл совхозында әр түрлі жұмыстар жасады. 1990 жылы Тасшағыл орта мектебінің жанындағы мектеп интернатында тәрбиеші, 1999-2010 жылдары мектеп интернатының меңгерушісі, 2010-2018 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін мектеп психологы болып қызмет атқарады.

 

Тасшағыл ауылдық округінің делдалдары туралы
Дата публикации
09 февраля 2021