Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, Сағыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын жүргізу үшін, Миялы ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0777 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 25 жылға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.