Бес күнде үш балаға жұқты
Ауданда Covid_19 пандемиясын жұқтырған науқастардың саны өсуде. Аудандық тауарлар мен көрсетіллетін қызметтедің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Жана жылдың алғашқы күндері ауданымызда өткен жылы дүние есігін ашқан. Індеттің симптомсыз түрін жұқтырған олар бүгінгі күні үйлерінде тиісті ем-домын алып, бақылауда тұр.
Жаңа жыл мерекесінің алдында, құрамында округ мамандары, мекеме басшылары, учаскелік полиция инспекторлары бар мобильді топ мүшелері Мұқыр, Сағыз және басқа ауылдық округтердегі мейрамханалады аралады. Нысан иелеріне Атырау олыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шектеу шараларын күшейту бағытында жарияланған қаулысымен таныстырып, Жаңа жылды қарсылау бағытында түрлі мерекелік басқосуларды ұйымдастырмау қажеттігін түсіндірді. Егерде жаңа жылдық басқосулар өтетін болса, заң шеңберінде тиісті шара қолданатындығын қаперге берді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысанларды аралаған мобилді топ мүшелері дүкен иелерін аталмыш қаулымен таныстырып, тұтынушыларды медициналық бетпердесіз кіргізбеу, арақашықтықты сақтау секілді түсінік жұмыстарын тағы да қайталап жүргізді.