Салғырттық індет қаупін күшейтеді
Короновирус инфекциясын жұқтыру жағдайы күн өткен сайын көбейіп келеді. Аудандық санитарлық –эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек,қаңтар айында 29 аудан тұрғыны коронавирус дертіне шалдыққан. Ауырған адамдардың 25 Миялы ауылынан болса, 4-еуі Мұқыр (Жамансор-1адам) ауылдық округінен. Бұл науқастардың басым бөлігі инфекциясының ауру белгілері жоқ, яғни симптомсыз түрімен ауырған. Алты науқас аудандық ауруханада жатып емделсе, қалғандары үйлерінен ем алды.
Қауіпті індеттің таралуының алдын алу үшін облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы да шыққаны белгілі. Өткен аптада аталмаш қаулының маңыздылығын түсіндіру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев бастаған мобильді топ Миялы ауылындағы азық түлік, киім кешек және тұрмыстық бұйымдар дүкендерін, шаштараздарды араласа, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Әділет Шаймарданов Жангелдин, Ойыл ауылдық округтерінің әкімдерімен, учаскелік полиция инспекторлары мен бірге аталмыш округтердегі кәсіпкерлік нысандарда болды.
Мобильді топ нысан иелеріне дүкендерде ара қашықтықтың сақталуы, тұтынушыларды медициналық бетпердесіз кіргізбеуі, антисептктермен, залалсыздандыру кілемшелерімен (дезковрик) қамтамасыз етілу қажеттігін тағы бір мәрте ескертті. Аралау барысында індеттің қауіптілігін сезінген бірқатаркәсіпкерлік нысан телері дүкендеріне залалсыздандыру кілемшесін төсеп, қолжетіимді жерге антисептик қойып, келген адамдарды медициналық бетпердесіз кіргізбей жатқанын көрсек, кейбір дүкен иелерінің залалсыздандыру кілемшелнрі болса да төсемей, антисептиктерін көзден таса жерге қойғанын байқадық. Осындай олқылықтарды байқаған аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев:
–Індеттің қауіптілігі қауіптілігі күшейе түсуде. Қабылданған қаулы адам денсаулығына төнген қауіптің алдын алуға бағытталып отыр. Сондықтан, салғыртыққа салынбай мүмкіндігінше қаулыда көрсетілген санитарлық талаптарды сақтаған жөн», -деп алдағы тексеру кезінде қаулы талаптарды сақталмаған жағдайда заң шеңберінде шара алынатындығын қаперге берді.