«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы Акт

 «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды  жүргізу туралы

Акт

 

  1. Актінің жасалған күні, уақыты және орны: 01.2021 жыл сағат 11.00 де, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы.
  2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2021 жылдың 11.01.2021 жылғы округ әкімінің №10 өкімі.

 «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №14  қаулысымен алынған Ереженің  негізінде жұмыс  атқарады. 

  1. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Есқалиев Мереке Василийұлы - округ әкімі; округ әкімі аппаратының бас мамандары Нурлыбаевна Райхан Ескабыловна, Карон Әйгерім Арсыланқызы, Өтесінова Нұржамал Ерболқызы, Қасымова Ботакөз Асхатқызы.
  2. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің  аты:

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Есқалиев Мереке Василийұлы .

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 14 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1,  бас мамандар – 7 адам,  техникалық   қызметкерлер   саны 6  -  адам  жұмыс жасайды.

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық  қызметінде  ағымдағы жыл  ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

01.07.2020 жылы округ әкімінің № 99-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманы Есимова Маргарита негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты жұмыстан босатылды.

01.07.2020 жылы округ әкімінің №100-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Карон Әйкерім декреттік демалыстан шықты.

15.07.2020 жылы округ әкімінің №115-ө өкімімен округ әкімінің бас маманы Қондыбай Мөлдір округ әкімі аппаратының бас маманы болып тағайындалды.

19.08.2020 жылы округ әкімінің №137-ө өкімімен округ әкімінің бас маманы Сарбаева Жанаргүл 2020 жылдың 19 тамыздан бастап, 2023 жылдың 25 мамырына дейін ақысыз күнге жіберілді.

21.09.2020 жылы округ әкімінің №158-ө өкімімен округ әкімінің бас маманы Нұрлыбаева Райхан округәкімі аппаратының бас маманы етіп тағайындалды.

23.09.2020 жылы округ әкімінің №159-ө өкімімен Қасымова Ботакөз округ әкімі аппаратының бас маманының міндетін уақытша атқарушы етіп қабылданды.

08.10.2020 жылы округ әкімінің №184-ө өкімімен Хамзина Тұрсын өз арызы бойынша тазалықшы қызметінен босатылды.

15.10.2020 жылы округ әкімінің №198-ө өкімімен Есенқұлова Алмагүл, Құттыбаев Құттымұрат, Үмбетов Аманқос, Көбешов Батырғали жеке еңбек шартымен от жағушы қызметіне маусымдық жұмысқа алынды.

22.10.2020 жылы округ әкімінің №205-ө өкімімен Салыхова Эльвира округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы қызметіне алынсын.

28.10.2020 жылы округәкімінің №218-ө өкімімен Орахова Оңболғаш тазалықшы қызметіне алынды.

12.11.2020 жылы округ әкімінің №234-ө өкімімен Кенбай ауылдық кітапханасына Намазбаев Жылқышы от жағушы қызметіне маусымдық жұмысқа алында.

22.12.2020 жылы округ әкімінің №266-ө өкімімен Қасымова Ботакөз округ әкімі аппаратының бас маманы етіп тағайындалды.

31.12.2020 жылы округ әкімінің №273-ө өкімімен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Салыхова Эльвира статист маман қызметінен босатылды.

МҚКК «Мұқыр ауылдық клубының» мекемесіндегі  штат саны 3,5.  Атап айтқанда мекеме директоры-1, мәдени жұмысты ұйымдастырушы -1 адам, көркемдік жетекші-1 адам(0,5), 1 техникалық  қызметкер – 1 (0,5), есепші – 1 (0,5) қызмет етеді.

2020 жылдың 5 маусымы №18 бұйрықпен аудандық жұмыспен қамту орталығының  жолдамасы негізінде Б.Досбосынов 3 ай сынақ мерзімімен уақытша мәдени жұмысты ұйымдастырушы болып жұмысқа алынды.

2020 жылдың 5 маусым №19 бұйрығымен аудандық жұмыспен қамту қамту орталығының жолдамасы бойынша Ж.Бақтыбаева 3 ай сынақ мерзімімен уақытша кәсіпорынның көркемдік жетекшісі болып жұмысқа орналасты.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2)   ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

          4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

            8)  шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда  келесі  нормативтік  құқықтық  актілерді  қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

 10.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі талдау  нәтижелеріне сәйкес  мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған.
  3. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 12 ай бойынша жалпы саны – 712 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
  4. Көрнекі жарнамалар бойынша округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындармен кездесулер өткізіліп, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы арналған жадынамаларды халық көп шоғырланған орындарға Казпочта, мұқыр дәрігерлік амбулаториясына, Мұқыр ауылдық округ әкім аппартының ғимараттарына орналастырылды.

 2020 жылдың 14 тамызы сағат 15.00-де «Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарға онлайн форматта қабылдау өткізілді. Ешқандай ұсыныс-пікірлер болған жоқ.

Мұқыр ауылдық округі бойынша қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз осы нөмірге хабарласыңыз 1424», «Болашағыңа балта шаппа!», «Сізден пара сұраса, 1424 хабарласыңыз!», «Пара бергенде, алғанда жазаланады» тақырыбына А3 форматтағы бетшелері округке қарасты мекемелерге ілініп, халыққа кеңінен таныстырылды. Мұқыр ауылының 5 ауыл көшесіне «Адал көмек» жобасы тақырыбында, Ж.Кенжебаев көшесіне «Азаматтық белсенділігіңді арттыр» тақырыбында баннерлері ілінді.

Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратының фейсбук әлеуметтік желісіне осы жылдың қараша айында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» тақырыбында  жадынамалар орналастырылды.Мұқыр орта мектебінде «Парасатты мектеп» жобалық кеңесі аясында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қараша айының 13 күні кинорежиссёр А.Сатаевтың сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында дайындалған бейнеролик көрсетілімі округке қарасты мекеме қызметкерлеріне таныстырылып, округ әкімі аппаратының фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланды.

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар,  квазимемлекеттік сектор субьектілері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і,  Мұқыр орта мектебі,  МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі   www. adaldyk.kz   тіркелген.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 12 айы бойынша жеке тұлғалардан  141 арыз  түсіп, оның  ішінде 47 қанағаттандырылса, 94-і  заң шеңберінде түсіндірілген.

Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы   журнал  ашылған , 61-5-49   сенім телефондары  жария  етілген

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының басшысы

 _____________________М.В. Есқалиев

«____» _______________ 2021 жыл

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Б.А. Қасымова

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Ә.А. Карон

 

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Н.Е.Өтесінова

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Р.Е. Нурлыбаева

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы Акт
Дата публикации
29 января 2021