Қызылқоға ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2020 жылы атқарылатын жұмыстар есебі
Қызылқоға ауданы әкімдігі бойынша 2020 жылда 12776 жалпы мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 2197-ы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілген, ал 797-ы мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемемен), 1763-ы электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, ақпараттық жүйелер арқылы – 5785-ы, «Е-Лицензия» базасы арқылы 2233-ы қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Медиа жоспарға сай Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында және халықты ақпараттандыру үшін аудандық «Қызылқоға» газеті мен облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсына 43 мақала жарияланды.
2020 жылдың І тоқсанына 3 рет (Сағыз, Мұқыр, Қызылқоға ауылдық округтерінде) «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеде ауыл тұрғындарына барлық көрсетілетін қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, 215 жадынамалар таратылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру мақсатында жоспарланған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері елімізде болып жатырған пандемияға байланысты карантиндік шаралар мен шектеулердің енгізілуіне орай өткізілмеді.
Құжаттардың мерзімдерін бұзу фактілерінің алдын-алу және бақылауды күшейту мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы түскен өтініштерді уақытылы өңделу шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады.
2020 жылдың 27 қарашасынан бастап аудан әкімі аппараты ғимаратының 1 қабатында «Сервистік әкімдік» жобасы жұмыс жасайды. «Сервистік әкімдік» жобасы құзіретті, әрі кәсіби мамандармен және электронды кезек, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, Wi-Fi желісі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы орындар, балалар алаңқайымен қамтылған. Жыл соңына дейін «Сервистік әкімдік» жобасы арқылы 237 өтініш қанағаттандырылып, 102 кеңес берілді.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде және 10 ауылдық округ әкімі аппараттарында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 4956 қызмет көрсетіліп, 4098 ЭЦҚ алынды.