Қызылқоға ауылдық округінің кәсіби емес медиаторлары туралы

 

Тауман Серік Тауманұлы өмірбаяны 

 

1948 жылы 20 мамырда Қызылқоға ауданы, Қарабау селосында дүниеге келген. 1955 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1963 жылы 8 жылдық бітірді. 1963 жылы сегізжылдықты аяқтап, жоғарғы кластарды жалғастырып оқу үшін Қызылқоға ауданы, Мұқыр стансасына барып, 1966 жылы орта мектепті аяқтап шықты. Осы жылы (1966ж) Шымкент облысы Түркістан ауданы, Түркістан қаласына барып Түркістан индустриалды-педагогикалық техникумына (күндізгі бөлімі) түсіп, 1969 жылы аяқтады.

     Мамандығы: ауыл шаруашылығын механикаландыру техник-механик, өндірістік оқу шебері.  

      1969 жылы Қарабау орта мектебіне мұғалім болып қызмет атқарған (оқушыларға кәсіптік бағдар беру пәні бойынша).

      1978 жылы Қызылқоға аудандық Советі  атқару комитетінің шешімімен Халық депутаттары Қызылқоға ауылдық Советі атқару комитетінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 1992 жылы өз өтініші бойынша Индер ауданы, Индер поселкасындағы «Жас техник» стансасының директоры болып 1993 жылға дейін қызмет  атқарды.   

       1993 жылы тамыз айынан бастап Қарабау орта мектебіне келіп өзімнің  бұрынғы  мамандығы бойынша (технология пәнінің  мұғалімі)  жұмысқа орналасып  2012 жылы зейнеткерлікке шықты. 2012 жылдан бастап Қызылқоға ауылдық округінің әкімі жанында Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

      Марапаттары: 2016 жылы облыстық ардагерлер кеңесінің шешімімен батыр шапағаты халық қаһарманы «Бауыржан Момышұлының» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл». Саяси қуғын-сүргін құрбанының зардап шегушісі деген мәртебесі бар.

Қызылқоға ауылдық округінің кәсіби емес медиаторлары туралы
Дата публикации
27 января 2021