Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы
« » __________№ қаулысына қосымша
2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қызылқоға- 2021 жыл
Мазмұны
|
1. Паспорт 2. Ағымдағы ахуалды талдау 2.1 Негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы 2.2 Бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіндіктері 3. Негізгі бағыттары, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары 4. Қажетті ресурстар
|
3-4 5-7
9-18 18-19 |
Паспорт
|
Атауы
Өңірдің негізгі сипаттамалары
Бағдарламаның бағыттары мен мақсаттары
Қажетті ресурстар
|
2021-2025 жылдарға арналған Қызылқоға ауданын дамыту бағдарламасы
Атырау облысының Қызылқоға ауданы 1944 жылы 11 мамыр күні құрылған. Қызылқоға ауданының аумағы - 24,7 мың шаршы шақырым, бұл облыстың аумағының 20,8 %-ды құрайды. Аудан Атырау облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Атырау облысы бойынша жер көлемінен аудан 2-ші орында. Ауданның солтүстігінде Батыс Қазақстан және солтүстік шығысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде облыстың Мақат, Жылыой, батысында Индер, Махамбет аудандарының аумағымен шектесіп жатыр. Аудан территориясының негізгі өзендері – Ойыл мен Сағыз. Ойыл өзені Ақтөбе облысынан бастау алады. Аудан территориясын шығыстан батысқа қарай кесіп өтеді. Аудан территориясы мұнай және газдың орасан ірі қорларына ие, ауданның геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану жалпы облыстың тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Аудан аумағында құрылыс материалдары да кең тараған (қиыршық құм, әктас, саз және т.б.). Өңірде 30 479 мың адам тұрады. Ауданда 10 ауылдық округ, оның ішінде 26 елді мекен бар. Қызылқоға ауданының жалпы жер қорынан ауылшаруашылығы мақсаты үшін 612, 8 мың гектар, елді мекендер жері 95,8 мың гектар, өнеркәсіп, көлік және басқа мақсаттағы жерлері 22,0 мың гектар, орман жері 2,5 мың гектар, босалқы жер қоры 1 616,2 мың гектар және басқа мемлекетке пайдалануға берілген жер 125,0 мың гектар.
I-бағыты: Аймақтық экономикалық өсу Мақсаттары: Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларын басым дамыту АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру II-бағыты: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету Мақсаттары: Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру Жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту Азаматтар үшін әлеуметтік инфақұрылым обьектілерінің қолжетімділігін арттыру Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету III-бағыты: Өмір сүру үшін қолайлы және қауіпсіз аймақ Мақсаттары: Азаматтар үшін қол жетімді баспана алуға тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және ТКШ инфақұрылым обьектілерін жаңғырту Жергілікті автомобиль жолдарын жақсарту және коммуникация желісін кеңейту Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту Ауылдық елді мекендерді өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестендіру
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың өз қаражаты есебінен Қаржыландыру көлемі: Бағдарламаны іске асыру үшін 41 473,5* млн.теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2021 жыл – 4913,4* млн.теңге; 2022 жыл – 6886,3 *млн.теңге; 2023 жыл – 9690,2 *млн.теңге; 2024 жыл – 10 079,3* млн.теңге; 2025 жыл – 9904,4 млн.теңге. *Қаржыландыру көздері бойынша шығыстар сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылауды ескере отырып түзетілетін болады. |
Қызылқоға ауданы қарқынды дамып келе жатырған аудандардың бірі және экономикасының негізігі бөлігін ауылшаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі құрайды.
[Өнеркәсіп]
2017-2019 жылдары өндірістік өнеркәсіп өнімінің көлемі 335 205,0 млн.теңгеге жетті. 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 8 705,0 млн.теңгеге артты (2017жылы 94 278,0 млн.теңге (96%), 2018 жылы 116 111,0 млн.теңге (91,1%), 2019 жылы 124 816,0 млн.теңге (102,1%).
Өңдеу өнеркәсібінің - 99,6% мұнай өндіру үлесінде, 0,2% тамақ, 0,2% өзге өндірісте. Қазіргі таңда ауданда 9 наубайхана, 4 жиһаз цехы, 5 пластикалық цех қызмет көрсетуде.
[Ауыл шаруашылығы]
Ауданның жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2017-2019 жылдар аралығында өсіп келеді (2017жылы – 10 476,3 млн.теңге, 2018 жылы - 11 603,3 млн.теңге, 2019 жылы - 13720,4 млн.теңге).
Аудан бойынша 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік кооператив, 2 агрофирма, 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 303 шаруа қожалығы тіркелген (2017 жыл – 201, 2018 жыл – 228).
2019 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 несие алушы 143,5 млн.теңгеге 862 бас ұсақ қой малы және 209 бас асыл тұқымды ірі қара алынды.
[Шағын және орта бизнес]
2019 жылы ШОК субъектілерінің саны 1469 бірлікті құрады. Оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны 1330 бірлік болып, 90,5 %-ды құрайды (2017жылы - 1467, оның ішінде белсендісі 1059 (72,2%), 2018 жылы - 1 499, оның ішінде белсендісі 1187 (79,2%), 2019 жылы - 1469, оның ішінде белсендісі 1330 (90,5%)).
Бұл шағын және орта бизнес секторында 1960 адам жұмыс істейді. ШОК субъектілері 2017-2019 жылдары 9 838,0 млн.теңгенің өнімін өндірді (2017жылы - 3140,0 млн.теңге, 2018 жылы-3250,0 млн.теңге, 2019 жылдың 9 айы - 2947,0 млн.теңге).
2017-2019 жылдары 2 141,4 млн.теңгеге 390 жоба қаржыландырылды.
2017жылы-176 жоба 658,6 млн.теңге
2018 жылы-100 жоба 640,0 млн.теңге
2019 жылы- 114 жоба 842,8 млн.теңге
[Жұмыспен қамту, жұмыс орындарын құру]
Жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) 2017 жылы 14022 адамнан 2019 жылы 15406 адам болып (мониторинг бойынша), яғни 1384 адамға дейін немесе 1,09 пайызға өсті (2018 жылы 13410 адам).
Экономикалық жұмыспен қамтылғандардың саны 2017 жылғы 13303 адамға дейін немесе 1,10 пайызға 2019 жылы 14652 адам болып яғни 1349 адамға өсті ( 2018 жылы 12743 адам).
Аудандағы жұмыссыздық деңгейі 2017 жылы 5,1% - дан белсенді жұмыспен қамту шараларына орай 2019 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9 % - ға төмендеді (2018 жылы 5,0 пайыз).
Ауданда 2017 - 2019 жыл ішінде 4 558 жаңа жұмыс орындары құрылды.
2019 жылы 1607 жаңа жұмыс орны ашылып, оның ішінде тұрақты 583 жұмыс орны құрылды (2017жылы-1503, 2018 жылы-1796, 2019 жылы- 1607).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және "Еңбек" жаппай кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы арқылы 2017-2019 жылы 315 адам қысқа мерзімді курсқа оқыту жоспарланып 344 адамды қысқа мерзімді курсқа оқыту жолданды. 2019 жылы 95 адамды қысқа мерзімді курсқа оқыту жоспарланып, 92 адам оқуға жолданды. Оның ішінде 67 адам жұмысқа орналасып, 63 пайызды құрады.
[Білім беру саласы]
Аудан бойынша жалпы білім беретін 18 мектептің 4-еуі бастауыш, 14 орта мектепте 6287 бала білім алады. Аудан бойынша апаттық жағдайдағы және үш аусымдық мектеп жоқ.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру ұйымдарына кедергісіз кіріп шығуын қамтамасыз ету мақсатында 13 жалпы орта мектепте пандустар орнатылған. Биылғы 2018-2019 оқу жылында 92 даму мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алатыны – 52, үйден оқитыны – 27. Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте және № 9 орта мектепте 13 оқушы білім алады (2017жыл-102 бала, 2018жыл-98 бала).
[Спорт]
Ауданда 59 спорттық нысан бар (2 спорт кешені, 24 спорт алаңшалары және футбол алаңдары, 10 жасанды төсеніш алаңдары, 15 мектеп жанындағы спорт залдары бар, 1 колледж залы, 5 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің залы бар, 2 ату тир бар). Спорт нысандар саны 2017 жылмен салыстырғанда 8 нысанға көбейіп отыр (2017 жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша Тайсойған, Жамбыл округтерінен 2 шағын ойын алаңы, 2018 жылы Мұқыр округінен жасанды төсенішті 1 шағын ойын алаңы, Сағыз округінен 2 спорттық залы, 1 тирі бар орта мектеп, 2019 жылы Жангелдин ауылы мен Сағыз ауылынан жасанды төсенішті 2 ойын алаңы пайдалануға берілді).
2019 жылы халықтың спорт инфақұрылымымен қамтамасыз етілуі 23 % құрады (2017жыл-23,2%, 2018жыл-22,9%.
2019 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 8 131 адамды немесе аудан халқының жалпы санынан 26,8% құрайды. 2017 жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға артты.
[Төтенше жағдайлар]
Қызылқоға ауданында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жоқ болуынан дала өрттері жиі болады. Аудан бойынша тек Миялы, Сағыз ауылдарында өрт сөндіру бөлімі жұмыс жасайды. 2017 жылы - 34, 2018 жылы - 28, 2019 жылы - 20 өрт болды. Аудандағы Көздіқара, Тасшағыл, Жамбыл, Миялы, Жангелдин, Ойыл ауылдық округтерінде 23 бөгеттер (дамбылар) бар, барлығының ұзындығы 29770 шаршы метр.
[Сәулет және тұрғын үймен қамтамыз ету]
2017-2019 жылдары аудандағы барлық көздері есебінен 36 859 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2017 жылы 12 141 шаршы метр пайдалануға берілді, оның ішінде 11 539 шаршы метр жеке тұрғын үй, 602 шаршы метр ведомствалық тұрғын үй. 2018 жылы 11 621 шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. 2019 жылы 13 097 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 11 896 шаршы метр жеке тұрғын үй, 1 201 шаршы метр ведомствалық тұрғын үй.
2019 жылдың қортындысымен бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету 15,4 шаршы метрді құрады (2017 жыл- 14,7 ш.м., 2018 жыл - 15,1 ш.м.).
[Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық]
2017 жылы аудан көлеміндегі 25 елді мекеннің 52% немесе халықтың 95% орталықтандырылған, 24% (6 елді мекендегі 174 тұрғын үй) топтық су құбырлары бойында орналасуына байланысты тасымал суымен қамтылған, ал 24% (6 елді мекендегі 122 тұрғын үй) жеке меншік жер асты (артизиан) құдық суын пайдаланып отыр.
2018 жылыаудан көлемінде 25 елді мекеннің 52% немесе халықтың 95% орталықтандырылған
2019 жылы аудан көлеміндегі 26 елді мекендегі 13 елді мекені немесе халықтың 95,5%-ы орталықтандырылған, 7 тасымал, 6 орталықтандырылмаған, 4,5% жер асты (артезиан) суын пайдаланады. Аудан бойынша 198,07 шақырым магистральды және 443,603 шақырым ауылішілік су желісі арқылы қамтылған. Барлығы 641,67 шақырым.
[Автомобиль жолдары]
2017 жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 722,08 км автокөлік жолдары тіркелген.
2018 жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 722,08 км автокөлік жолдары тіркелген.
2019 жылы аудан бойынша барлығы 734,6 шақырым автомобиль жолы болатын болса, оның 138 шақырымы республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау, 46,7 шақырым Құлсары-Мұқыр автомобиль жолы, 244,5 шақырымы облыстық маңызы бар Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз жолы. Қалған 305,4 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын құрайды (кірме жол 160,9 шақырым, ішкі жол 161,4 шақырым, оның ішінде 56,2 шақырым асфальтталған, 266,1 шақырым асфальтсыз жол).
[Табиғат пайдалану/ экология]
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша 2017 жылы 17 983,0 мың теңге, 2018 жылы 14 298,0 мың теңге, 2019 жылы 39 155,0 мың теңге қаржы қаралды. Аудан бойынша 2019 жылға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды салатын 103 дана контейнер болды. 2019 жылы Миялы, Қызылқоға, Тасшағыл, Көздіқара, Ойыл, Мұқыр ауылдық округтеріне тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін 245 дана контейнер, пластикалық шынылар және картон салатын 150 дана контейнер, Қаракөл ауылына 15 урна сатып алынды.
Негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы
Ауылшаруашылығы бойынша:
Өзендердің тартылуы, ауыл шаруашылығы жайылымдарының құрғақшылығы;
Тұрақты табысы бар азаматтардың мал шаруашылығын дамыту жобаларын несиелендіру.
Спорт бойынша:
Заман талабына сай жасақталған орталық стадионның жоқтығы. Жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Ауылдық округтерде спорт кешендерінің және талапқа сай спорт алаңдарының болмауы.
Төтенше жағдайлар бойынша:
Ауылдық округтердегі өрттерді сөндіруге мүмкіндік жоқ болуына байланысты, шалғай елді мекендерінде өрт сөндіру посттарының жетіспеушілігі;
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша:
Жер асты су қорларының азаюы, халықтың үздіксіз сумен қамтылуы.
Автомобиль жолдары бойынша:
Ауыл ішілік жолдарға толықтай тас жол құрылысының жүргізілмеуі.
Табиғат пайдалану/экология бойынша:
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, бөлек жинау және қайта өңдеу қызметімен айналысатын инвесторлардың жоқтығы.
Қолданыстағы тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің санитариялық ережелер талаптарына сәйкес келмеуі.
Талапқа сәйкес келетін ҚТҚ-ды орналастыру үшін арнайы полигонның жоқтығы, тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өндейтін өндіріс орындарының болмауы.
Ауылдық округ орталықтарында ағынды суды буландыру алаңы жоқтығы.
Өзгелер бойынша:
Ауданда екінші деңгейлі банктің жоқтығы.
Бәсекелестік артықшылықтары
Геоэкономикалық жағдай, мұнай-газ және мұнай-химия саласын дамыту үшін бай көмірсутегі қорларының болуы.
Құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі бай минералды - шикізат базасының болуы.
Тамшылатып суару технологиясын енгізу және осы жүйе арқылы егіс көлемін ұлғайту.
Мүмкіндіктері
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, бөлек жинау және қайта өңдеу қызметімен айналысатын инвесторлар тарту;
Ауыз сумен қамту нысандарын бірыңғай оператор арқылы қамтамасыз ету;
Ауыл шаруашылығы құрамаларының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Тамшылатып суару технологиясын пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңдарын ұлғайту;
Бос жұмыс орындары және бос қызметтер жәрмеңкесін өткізу;
Аудандық маңызы бар және ауылішілік елді мекен пунктеріндегі ішкі жолдарын және автокөлік жолдарын күтіп ұстап жөндеуге қаражат бөлу;
Жеке тұрғын үй құрылыстарын салу.
БІРІНШІ БАҒЫТ: Аймақтық экономикалық өсу
1 мақсат. Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларының басым дамуы
|
№
|
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
1 |
Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар |
млн.теңге |
5 |
5 |
10 |
20 |
30 |
АКжАШБ |
Қол жеткізу жолдары:
2021-2022 жылдары «Құрман» шаруа қожалығында сүт және сүт өнімдерін өңдеу цехы, тәулгіне 1 тонна.
2024-2025 жылдары Пластикалық қалдықтар мен қағаз қалдықтарын жинау орны жобасын іске асыру ЖК "Набиев.А"
2 мақсат: АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
|
№
|
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
2 |
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі |
% |
102,4 |
102,6 |
102,3 |
102,3 |
102,0 |
АКжАШБ |
Қол жеткізу жолдары:
2021-2025 жылдары Бордақылау алаңдарын іске қосу (100 және 200 басқа арналған);
Өнім өндірушілер арасында семинар –кеңестер өткізу;
ЕКІНШІ БАҒЫТЫ: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету
1 мақсат: Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру
|
№ п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
3 |
Құрылған жұмыс орындарының саны, оның ішінде |
бірлік |
1 240 |
1 275 |
1 320 |
1 325 |
1 330 |
АЖҚ жӘҚБ |
|
|
тұрақты |
бірлік |
520 |
510 |
530 |
535 |
540 |
|
|
|
уақытша |
бірлік |
720 |
765 |
790 |
790 |
790 |
|
|
4 |
Еңбекке қабілетті АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы (ШАК еңбекке қабілетті алушыларының жалпы санында) |
% |
78,1 |
78,5 |
78,7 |
78,9 |
79,0 |
|
Қол жеткізу жолдары:
Жұмыс берушілерімен бос орындарының жәрмеңкесін өткізу.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру»
Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылар ішіндегі еңбекке жарамды азаматтарды жұмсыспен қамту шараларына тарту;
2 мақсат: Жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту
|
№ п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
5 |
Апаттық және үш ауысымды мектептер санын азайту |
бірлік |
- |
- |
- |
- |
- |
АББ |
|
|
- авариялық |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
||
|
|
- үш аусымды |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
||
|
6 |
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі |
% |
71,9 |
77,6 |
87,5 |
98,9 |
100 |
|
Қол жеткізу жолдары:
Білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін ерекше білім беру қажеттіліктеріне орай жабдықтармен қамтамасыз ету (арнайы жабдықпен, жиһазбен, оқулықпен, пандустарымен, т.б.) бойынша жұмыс жалғастырылады.
2021 жылы- Қаракөл, Ғ.Сланов, Тасшағыл, Сағыз, Кенбай, Аманшин;
2022 жылы- Ы.Шөреков;
2023жылы - Жамансор, Т.Жанұзақов,
2024 жылы-№75, Тасқұдық
3 мақсат: Азаматтар үшін әлеуметтік инфақұрылым обьектілерінің қолжетімділігін арттыру
|
№ п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
7 |
Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі |
% |
23,0 |
23,1 |
23,1 |
23,2 |
23,3 |
АМТДДШжСБ |
Қол жеткізу жолдары:
2021-2025 жылдары 3 спорттық және дене шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысын салу жоспарлануда 2023-2024 жылдары Мұқыр ауылынан спорт кешені құрылысын салу;
2023 жылы Тасшағыл ауылынан спорт кешені құрылысын салу;
2023-2025 жылдары Миялы,Сағыз,Жангелдин,Жасқайрат,Көздіғара,Тасшағыл,Қарабау,Тайссойған ауылдарынан ашық спорт алаңдарын салу;
4 мақсат: Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
|
№ п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
8 |
Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі* |
% |
* |
* |
* |
* |
* |
МҚ,ЖДжТЖЖб |
* Ескертпе: Аталған нысаналы индикатор бойынша Қазақстан Республикасы мТөтенше жағдайлар министрлігімен есептеу әдістемесінің бекітілмеуіне байланысты жоспарлы мәндері көрсетілмеді.
Қол жеткізу жолдары:
2021-2025 жылдары аудан бойынша 5 жылжымалы өрт сөндіру модульдік станциясын сатып алу жоспарлануда (2022 жылы-Мұқыр ауылдық округінен, Қарабау ауылдық округіне, 2023 жылы- Тайсойған ауылдық округінен, ауылдық округінен; 2025 жылы- Каракөл ауылдық округінен, Қоныстану ауылдық округінен);
2024 жылы барлығы 6200 метр, соның ішінде Миялы ауылынан (1000 метр), Жангельдин ауылынан (2050 метр), Ойыл ауылынан (3150 метр) судан қорғау дамбасына жөндеу жұмыстарын жүргізу.
ҮШІНШІ БАҒЫТ: Өмір сүру үшін қолайлы және қауіпсіз аймақ
1 мақсат: Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету
|
№ п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
9 |
Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз етілу |
ш.м |
16,9 |
17,3 |
17,7 |
18,1 |
18,5 |
АЖҚСжҚБ және округ әкімдері |
Қол жеткізу жолдары:
2021-2024 жылдары Миялы, Сағыз, Жасқайрат, Қоныстану ауылдарына инженерлік - инфрақұрылым құрылысын жүргізу (су, газ, электр желілері).
2022-2023 жылы Миялы ауылынан 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы.
2022-2024 жылы Миялы ауылынан 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы.
2 мақсат: Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау
|
№ п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
10 |
Халықтың сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуі |
% |
95,7 |
97,3 |
97,3 |
97,3 |
100 |
АТҮКЖКжАЖБ |
|
11 |
Халықты ағынды суды тазартумен қамту |
% |
- |
- |
- |
- |
20,5 |
АТҮКЖКжАЖБ |
Қол жеткізу жолдары:
2021 жылға - «Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Кереген жер асты су қорынан үш ұңғыманың құрылысы»
2021 жыл – Айдын (1,7 км), Бүйрек (1,4 км ), Қосқұлақ (3,9 км), Кенбай (3,2 км) ауылдарында су құбырларының құрылысы.
2021-2023 жылдар–Тайсойған- Миялы топтық су құбырын жүргізу;
2023 жылы - Кереген-Сағыз-Жамансор топтық су құбырының су тазарту қондырғысы мембранды жөндеу;
2023-2025 жылдарға ағынды суларды тазарту үшін Миялы ауылынан кәрізді тазарту имаратының құрылысын салу және желісін жүргізу.
2 мақсат: Автомобиль жолдарын және көлік ифрақұрылымын дамыту
|
№ п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
12 |
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі |
% |
63,0 |
63,1 |
65,0 |
71,2 |
77,3 |
АТҮКЖКжАЖБ |
Қол жеткізу жолдары:
2021-2022 жылы Миялы ауылының ауыл ішілік жолдары – 11,079 шақырым ауылішілік автокөлік және 9,7 шақырым жаяу жүргінші жолдарын күрделі жөндеуге:
2021 жылы Жамансор елді мекеніне кірме және ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту 6,147 шақырым;
2022 жылы Миялы ауылында такси аялдамасының құрылысы;
2022-2023 жылы Сағыз ауылының ауыл ішілік жолдары 8,212 шақырым ауылішілік автокөлік және 10,3 шақырым жаяу жүргінші жолдарының құрылысын салуға;
2022-2023 жылдары Мұқыр ауылының ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту 6 шақырым;
2022-2023 жылдары 3,3 шақырым Жантерек елді мекеніне кірме жолын және ауыл ішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеуге;
2022 -2023 жылдары Кенбай елді мекеніне кірме жол және ауыл ішілік жолдары 1,5 шақырым.
2023-2025 жылы Тайсойған - Миялы тас жолының құрылыс жұмыстары – 50 шақырым.
2024-2025 жылдары Миялы ауылында әуежай салу;
2024-2025 жылдары Миялы ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жобасы.Жоба екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңде 15677,15 шақырым, екінші кезеңде 5794,3 шақырым тас жол және 826,26 шақырым жаяу жүргінші жолымен қамтылған. Барлығы 21,471 шақырым
4 мақсат: Қоршаған орта сапасын жақсарту
|
№ п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
13 |
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі |
% |
21 |
24 |
27 |
30 |
33 |
АТҮКЖКжАЖБ |
Қол жеткізу жолдары:
2024-2025 жылы Миялы, Сағыз ауылдарына қоқыс алаңшасына қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенін орнату.
2024-2025 жылдары Миялы және Сағыз ауылдарында қатты қалдықтар полигонының құрылысы.
5 мақсат: Ауылдық елді мекендерді өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестендіру
|
№ п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
14 |
Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі |
% |
44,6 |
50,4 |
56,2 |
63,3 |
70,8 |
АЭжҚБ |
Қол жеткізу жолдары:
2021 жылы- Миялы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратын күрделі жөндеу.
2021 жылы- Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы.
2021 жылы Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғырту.
2021 жылы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының үшінші ауылдарының электр желісінің құрылысы.
2021 жылы Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы коммуналдық меншіктегі электр желілерін қайта жаңғырту. 2021 жылы Сағыз ауылындағы стадион құрылысы.
2021-2022 жылдарға Жасқайрат ауылынан спорт кешенінің құрылысы.
2023 жылы - Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай, Қоғам, Қоныстану, Соркөл, Сарқұмақ, Тасқұдық және Аққора
ауылдарын біріктірілген блок модуль көмегімен ауыз сумен қамту.
2023 жылы Миялы орта мектебіне күрделі жөндеу.
2023 жылға- Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында 80 орындық балабақша құрылысы.
2024 жылы - Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы.
2024 жылы - Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылына тірек пункітінің құрылысы.
2024-2025 жылдарға- Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында 160 орындық балабақша құрылысы.
2025 жылға - Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылында 100 орындық балабақша құрылысы.
2024 жылға Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылында 100 орындық балабақша құрылысы.
2024-2025 жылдарға Қаракөл ауылынан спорт кешенінің құрылысы.
2024 жылы - Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында 300 орындық мәдениет үйі құрылысы.
2025 жылы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында 100 орындық балабақша құрылысы.
2021-2022 жылдарға арналған бюджет қаражаты бойынша шығыстар 2020-2022 жылдарға арналған бекітілген үш жылдық бюджетке сәйкес көрсетілген.
2023-2025 жылдарға арналған қаражат шамамен алынған сомаларды есепке ала отырып көрсетілген.
Шығыстардың барлық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануы ескеріле отырып түзетілетін болады.
Алдын ала есептеулер бойынша облыс аумағын дамыту Бағдарламасын іске асыру үшін қаржы ресурстарының жалпы көлемі 43 473,5* млн. теңгені құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
млн.теңге
|
№ |
Бағыттар атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1. |
1 бағыт |
50,0 |
60,0 |
0,0 |
5,0 |
7,0 |
|
|
-БК |
50,0 |
60,0 |
0,0 |
5,0 |
7,0 |
|
2. |
2 бағыт |
284,1 |
316,0 |
587,3 |
824,2 |
1026,1 |
|
|
- РБ |
9,2 |
9,2 |
12,1 |
12,1 |
12,1 |
|
|
- ЖБ |
274,9 |
306,8 |
575,2 |
812,1 |
1014,0 |
|
3. |
3 бағыт |
1228,0 |
2380,1 |
4450,7 |
9338,8 |
8430,6 |
|
|
- РБ |
1254,7 |
3512,4 |
5168,9 |
4248,5 |
4598,9 |
|
|
- ЖБ |
3181,9 |
1844,3 |
1745,8 |
4734,7 |
4867,7 |
|
|
-БК |
0,0 |
1000,0 |
1500,0 |
251,0 |
0,0 |
|
БАРЛЫҒЫ |
4837,2 |
5564,6 |
5081,1 |
9787,0 |
9070,7 |
|
|
- РБ |
1379,4 |
9,2 |
1 012,1 |
5544,1 |
5 952,1 |
|
|
- ЖБ |
3484,0 |
2179,1 |
2873,0 |
5574,8 |
5298,5 |
|
|
- БК |
50,0 |
1060,0 |
1500,0 |
256,0 |
7,0 |
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
АКжАШБ-аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі
АЖҚ жӘҚБ-аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
АЭжҚБ-аудандық экономика және қаржы бөлімі
АТҮКЖКжАЖБ-аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
АЖҚСжҚБ –аудандық жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы бөлімі
МҚ,ЖДжТЖЖб -мемлекеттік құқықтық,жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлім
АМ,ТД,ДШжСБ-аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
АББ- аудандық білім бөлімі
БК- басқада көздер
РБ-Республикалық бюджет
ЖБ-жергілікті бюджет