Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппаратындағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«БЕКІТЕМІН»

Қызылқоға ауылдық округ әкімі __________________К.Кайруллин

«_____» _____________ 2020 жыл

 

 

Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппаратындағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама        

          1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі - Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.   

          2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.   

          Қызылқоға ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 16 шілдедегі                            №72–өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.   

          3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:   

          Жұмыс тобының басшысы:        

          К.Кайруллин – округ әкімі;       

          Жұмыс тобының мүшелері:     

          З.Шаликов – бас маман;   

          Д.Әнетова - бас маман;       

          А.Шаткарина – бас маман – есепші.    

          4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:   

          1) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін  реттейтін  заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;    

          2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;   

          3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

          Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

          Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен  нормалар  анықталған жоқ.

          4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

          Дербес  бөлім  ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.     

          «Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны –  13 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 3 адам,  келісім-шарт қызметкерлер саны - 9 қызметкер (шаруашылық меңгерушісі, іс-жүргізуші, тазалықшы,  автокөлік жүргізушісі, қарауылшық) жұмыс істейді.                                    

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық  қызметінде  ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.                                              

         15.10.2020 жылғы №93 өкімімен У.Абишев, М.Избасаров маусымдық негізде от жағушы болып жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа қабылданды.

          Округке қарасты барлық мекемелерде ұсыныс-пікір мен шағым жәшіктері орналастырылып, арыз-шағымдар электронды түрде жүзеге асырылып отыр. 

           Қарабау ауылының орталығындағы Ә.Игілікұлы көшесінде (Antikor Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз, осы нөмірге хабарласыңыз» Gall-Орталық 1424 қоңырау шалу тегін, #ПАРА БЕРМЕ #НЕ ДАВАЙ ВЗЯТКИ тақырыбында), «Адал көмек» жобасы, «Elin ushin qyzmet et» jemqorlyqqa jol berme»,  «Atyrau – adaldyq alany»,  баннер орнатылды.

          Тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелердің ақпарат бұрыштарында және кіре беріс есіктеріне арнайы жадынамалар ілінді. 

          Округ әкімі аппаратының мамандары мен ерікті жастар наурыз айында «Adaldyq  jolymen» челленджіне қатынасып, интернет желісінде жарияланды.            

  «Қарлығаш» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық мекемесінде штат саны – 35,99  бірлікті құрайды.  Атап  айтқанда  меңгеруші - 1, әдіскер - 0.5, психолог- 0.5,  тәрбиешілер –10,04 адам, саз жетекшісі – 0,5, бейнелеу өнері жетекшісі-0,25, денетәрбиесі нұсқаушы-0,5, көмекші тәрбиеші - 4,2  штат, есепші-0,5, іс тігуші-0,5 шаруашылық меңгерушісі-1,0, тазалықшы-2 штат, бас аспаз -1 штат, көмекші аспаз-1, жұмысшы-0,5, ғимарат жөндеуші-1 штат, медбибі-1, кір жуушы- 1,  қарауылшық-3, аула сыпырушы-1, сантехник-1, электрик-1, от жағушы-3 барлығы 36 адам жұмыс жасайды. Жылдын ішінде қызметкерлердің ауысуы  орын алды.

         

         15.10.2020 жылғы №51 бұйрығымен Турлан Уразов, №52 бұйрықпен О.Дүйсенбаев, №53 бұйрықпен М.Балаубаев маусымдық негізде от жағушы болып жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа қабылданды.

         Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты медбибі Д.Қуанғалиева зейнеткерлік демалысқа жіберілді. Орнына бұрын көмекші аспаз қызметіндегі мамандығы медбибі Г.Қатубаева №66 бұйрық 30.11.2020ж. медбибі болып қызметке орналасты.   

         Көмекші аспаз орнына көмекші тәрбиеші қызметіндегі Г.Қапанова мамандығы бойынша ауысты. Көмекші тәрбиешілік қызмет шағын орталықтың қысқаруына байланысты жұмыссыз қалған жоғары білімді маман тәрбиеші Н.Нұржауоваға берілді.

Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. Жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізілген.

          МҚКК «Еспай» мәдениет үйі мекемесіндегі штат саны - 8. Атап айтқанда мекеме директоры-1адам, көркемдік жетекші-1адам, әдіскер-1адам, есепші-1 адам, от жағушы-3адам, еден жуушы-1адам қызмет етеді.       

           2) Мүдделер қақтығысы жоқ.          

           3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.      

           2020 жылдың есепті мерзімі бойынша округ әкімінен барлығы 121 өкім және 28 шешім шығарылған.   

           2) Мүдделер қақтығысы жоқ.       

           3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

           Округ  әкімі  аппаратындағы  мемлекеттік  қызмет  атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы  тапсырылуы  қамтамасыз  етілген.  Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны»  жұмыс  жасайды.  Арыз-шағым жәшігі ілінген.   

            Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»  және  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.       

          Округ әкімі аппаратының дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары орнатылды.        

          Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.         

          Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет  қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.             

Округ әкімі аппаратының негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде  28  мемлекеттік  сатып  алу  жұмысы  Заңға сәйкес өткізілді.      

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 12 айы бойынша жеке тұлғалардан  8 арыз  түсіп, оның  ішінде 5 –і оң  шешілсе, 3-не  заң шеңберінде түсіндірілді.  

  1. Қорытынды:       

          «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:           

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;     
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;          
  3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.          

 

 

        Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізген,

        жұмыс тобының басшысы:                      __________ К.Кайруллин

        «____»      ________  2020 жыл 

 

 

 

        Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізген, 

        жұмыс тобының мүшесі:                            ___________  З.Шаликов

         «____»  _________      2020 жыл

 

 

        Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізген,

        жұмыс тобының мүшесі:                              ___________ Д.Әнетова

        «______»      ________  2020 жыл                                  

 

 

 

         Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

         ішкі талдау жүргізген, 

         жұмыс тобының мүшесі:                         ___________ А.Шаткарина

         «____»  _________      2020 жыл                                                                           

Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппаратындағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
19 января 2021