«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

 

                                                                               "Бекітемін"                                                     

Жамбыл  ауылдық  округінің

әкімі

 ___________М.Кабилкайров

"18" қаңтар 2021 жыл

 

«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы

 анықтама

 

  1. Анықтаманың жасалған күні, уақыты және орны: 01.2021 жыл сағат 11.00 де, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы.
  2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2021 жылдың 15 қаңтар күнгі округ әкімінің №8 өкімі.
  4. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Кабилкайров Медет Муктарович-округ әкімі; жұмыс тобының мүшелері Аяшова Назигул Аяшқызы, Бисембайұлы Тоқтар, Наушабаева Ардак Бигалиевна, Суатова Зайда Болатовна.
  5. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

«Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, округ әкімі Кабилкайров Медет Муктарович.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

  1. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 15 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1,  бас мамандар – 4 адам, 1- спорт нұсқаушысы,   техникалық қызметкерлер саны 9 - адам жұмыс жасайды.

Округке қарасты «Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық мекемесінде штат саны – 24 бірлікті құрайды.  Атап айтқанда меңгеруші – 1 адам, әдіскер – 0,5 адам, тәрбиешілер –4 адам,  саз маманы – 0,5 адам, психолог – 0,5 адам, есепші – 0,5 адам, мейірбике – 0,5 адам, техникалық қызметкерлер саны   - 16,5  адам жұмыс жасайды.

2020 жылдың II жарты жылдығында ауысуы  орын алды. 11.09.2020 жылғы №62 бұйрықпен  Г.Кушкинбаева өз еркімен жұмыстан босатылды, 14.09.2020 жылғы №63 бұйрықпен К.Жалгасбаева штаты толықтырылды, 15.09.2020 жылғы №64 бұйрықпен А.Такошева жұмысқа алынды.

Жұмыстан босатылғандар ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. Жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізілген.

 «Қаракөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің штат саны – 99 адам.  Мұғалімдер саны-61, техникалық қызметкерлер саны-38 адам жұмыс жасайды.

2020 жылдың II жарты жылдығында қызметкерлердің ауысуы орын алған жоқ.

«Қаракөл» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық  коммуналдық  кәсіпорыны штат саны –   12 бірлікті құрайды.  Атап айтқанда мекеме  директоры - 1, әдіскер – 1 адам, көркемдік  жетекші – 1 адам,  техникалық қызметкер саны – 8 адам, есепші – 1 адам жұмыс жасайды.

Жылдын ішінде қызметкерлердің ауысуы  орын алды. 28.10.2020 жылғы №137 өкімімен Р.Шмихова өз еркімен жұмыстан босатылды.

 Жұмыстан босатылғандар ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. Жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізілген.

  1. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

          4) «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

          8)  шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

  1. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

  1. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
  2. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
  3. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі талдау  нәтижелеріне сәйкес  мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған.
  5. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2020 жыл бойынша түрлі мемлекеттік қызметтер, оның ішінде «Қосалқы шаруашылығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру» бойынша қызметтер көрсетілді.
  6. Көрнекі жарнамалар бойынша округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Округке қарасты барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық көріністерінің Заң бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында аппарат қызметкерлеріне ескертіліп, округ әкімі тарапынан шығарылатын шешім, өкімдер қызметкерлерге уақыты таныстырылып, үнемі қатаң бақылауда.

Округке қарасты барлық мекемелерде ұсыныс-пікір мен шағым жәшіктері орналастырылып, арыз-шағымдар электронды түрде жүзеге асырылып отыр. 

Тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелердің ақпарат бұрыштарында және кіре беріс есіктеріне арнайы жадынамалар ілінді. 

Қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспары бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын-алу мақсатында барлығы 10 іс-шаралар өткізіліп, оған 1327 адам қатынасты. Жыл бойына 1200 дана жадынама таратылып, 10 баннер орнатылды.

Алға қарайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

  1. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың II жарты жылдығында бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 3-де оң шешімін тапты. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал  ашылған  және  41-4-25 сенім телефоны орнатылған.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының басшысы:                                               __________ М.Кабилкайров

«____»      ________  2021 жыл 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, 

жұмыс тобының мүшесі:                                                  ___________ Н.Аяшова

 «____»  _________      2021 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі:                                                 ___________ Т.Бисембайұлы

«______»      ________  2021 жыл                                  

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, 

жұмыс тобының мүшесі:                                                  ___________ А.Наушабаева

 «____»  _________      2021 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі:                                                 ___________ З.Суатова

«______»      ________  2021 жыл                             

«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама
Дата публикации
18 января 2021