Өмірбаян
Мен, Сарсембаев Аманкелді Шапатаұлы 1944 жылдың 26 желтоқсанында Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосында дүниеге келдім.
1953-1964 жылдары Мұқыр орта мектебінде оқып, орта білім алған соң еңбек жолымды аудан шаруашылығын өркендету мақсатында сыныптастарыммен бірге, 1964 жылы Қызылқоға ауданы, «Гурьев» асыл тұқымды Қаракөл қой совхозында қатардағы жұмысшыдан бастадым.
1965-1970 жылдары Атырау қаласындағы педагогикалық институтының биология факультетін сырттай оқып бітірдім. 1965-1968 жылдары «Гурьев» қаракөл қой совхозында комсомол комитетінің хатшысы, 1968-1973 жылдары Мұқыр орта мектебінде мұғалім, 1973-1975 жылдары осы мектепте директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 1975-1985 жылдары мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 1985-1989 жылдары қатардағы мұғалім болып еңбек еттім. 1989-1991 жылдары Мұқыр селолық кеңесінің хатшысы, 1991-1993 жылдары селолық кеңес төрағасының орынбасары, 1993-1996 жылдары «Гурьев» асыл тұқымды қаракөл қой заводында кадр жөніндегі инженер, 1996-1998 жылдары осы заводтың кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1998-1999 жылдары Мұқыр орта мектебінің директоры, ал 1999-2008 жылдары Мұқыр орта мектебінде мектеп психологі болып еңбек еттім.
2008 жылы зейнеткерлікке шықтым.
1981 жылы Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі атанса, осы
Жылдар ішінде Қызылқоға аудандық кеңесінің депутаты, Гурьев облыстық аудандық комсомол комитетінің пленум мүшесі, аудандық комсомол комитетінің пленум мүшесі болдым. Қазақстан ДКСМ орталық комитетінің, облыстық, аудандық комсомол комитетінің грамоталарымен, Қазақстан Білім министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталдым. 2014 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағын алдым.
Отбасым, 10 бала тәрбилеп өсірдім. 30 немерем мен 7 шөберелерім бар.
Ө м і р б а я н
Мен, Булекбаева Канзиба 16 наурыз 1955 жылы Жантерек теміржол бекетінде дүниеге келдім.
1962-1966 ж аралығында Жантерек бастауыш мектебінде 1966- 1970 ж аралығында Доссор поселкесінде С.Шарипов атындағы 8 жылдық мектеп – интернатта, 1970-1972 жылдары Мұқыр орта мектебінде оқып білім алдым.
1972-1981 жылы Алматы шетел тілдері институтын ағылшын және француз тілдері мамандықтары бойынша үздік дипломмен бітірдім. Еңбек жолымды Мұқыр орта мектебінде бастап 32 жыл дәріс бердім.
2006-2013 жылдар аралығында оқу ісінің меңгерушісі болдым.
1991 жылдан бастап еңбегінің нәтижесінде аудан, облыс, республикалық білім департаменттерінен т.б жүлделі орын, алғыс хаттар, сертификаттарға ие болдым.
2007ж АҚШ – тың Небраска штатының Линкольн қаласының «Құрметті Азаматы» атағын алдым.
2007 жылы «IREX»халықаралық зерттеу және тәжірибе алмасу бюросының « Жетістіктері үшін сертификатына» ие болдым.
2007 жылы Қызылқоға ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
2008 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
2009 жылы Облыс мәслихатының «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
2020 жылы Қызылқоғак ауданының «Құрметті азаматы» ағаына ие болдым.
Отбасында жолдасым, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.
Ө М І Р Б А Я Н
Мен Сақиев Ақниет 16 маусым 1945 жылы Сағыз селосына қарасты Кенбай елді мекенінде дүниеге келгенмін. Ата –анам қарапайым шаруа адамдар. 1952 жылы Қоңырай бастауыш мектебінің 1-сыныбына барып,
1964 жылы Мұқыр орта мектебінің 11-сыныбын күміс медальмен аяқтадым. 1964-1967жылдар аралығында Совет армия қатарында азаматтық борышымды өтедім. 1967-1968 жылдары Ленин атындағы совхозда әртүрлі жұмыстар жасадым .1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институнтына түсіп, 1974 жылы осы институнттың емдеу ісі бөлімін бітірдім. Дәрігер-хирург мамандығым алып шықтым. 1жыл Атырау облыстық ауруханасынның базасында хирурггиядан интернатура өттім. 1975-1976 жылдары Қызылқоға аудандық ауруханасында дәрігер- хирург мамандығы бойынша еңбек еттім. 1976-1978 жылдарда сол аурухананың бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары болып жасадым. 1978 жылдың қыркүйек айында Мұқыр бөлімшелік ауруханасынның бас дәрігері лауазымына тағайындады. Осы жұмысты 2000 жылға дейін абыроймен атқардым. 2000-2004 жылдары Мұқыр дәрігерлік амбулаториясының жалпы практика дәрігері болып жасадым. 2004-2008 жылдары осы амбулаториясын аға дәрігері лауазымын атқардым. 2008 жылы тамыз айында зейнет демалысына шықтым.
2012 жылдан осы кезге дейін қызылқоға аудандық ауруханасының сағыз бөлімшілік ауруханасымен Мұқыр дәрігерлік амбулаториясы бойынша ішкі аудит дәрігері болып жұмыс атқарып келемін. Зейнеткер. 4-балам бар. Балалар ержетіп әр салада мамандықтарын бойынша еңбек етеді.
2006жылы Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен
2008 жылы Астана қаласының10 жылдық Мерекелік медалімен марапатталдым.
2014 жылы Қызылқоға аудандың мәслихатының шешімімен Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағын берді.
2016 жылы ҚР 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік Медалімен» марапатталды.
2016 жылы «ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Ардагерлер медалімен» марапатталды.