Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-IV «Медиация туралы» Заңы 16-бабының талабына сәйкес, Ойыл ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындары Айжарықов Мереке Әбуұлы, Бердіғалиева Ұлмекен кәсіби емес медиаторлар тізіліміне енгізілді
Айжарықов Мереке Әбуұлының өмірбаяны
Айжарықов Мереке Әбуұлы 03.11.1948 жылы Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келген. 1967-1993 ж.ж аралығында «Жасқайрат» ЖШС-да тракторист. 2003-2007 ж.ж «Жасқайрат» ЖШС-да пішен бригадирі. 2007-2013 ж.ж аралығында су бөлімшесінде бөлім меңгерушісі болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады. 2014 жылдан бастап ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Бердіғалиева Ұлмекеннің өмірбаяны
Бердіғалиева Ұлмекен 1953 жылы 27 қаңтарда Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосында дүниеге келген. 1962 – 1972 ж.ж Ш.Т.Еркінов атындағы (бұрынғы Орлыкөл) орта мектебін бітірді. 1972 – 1976 ж.ж Қызыл-ту жұмысшылар кооперациясында сатушы. 1976 -1978 ж.ж Ақтөбе кооперативтік техникумын «товаровед» бөлімін (сырттай) бітірді. 1977 – 1979 ж.ж аралығында клуб, автоклуб меңгерушісі, 1979 – 2012 ж.ж «Шалқыма» мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты.
Жұмыс жасай жүріп бірнеше қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, коммунистік партия мүшелігіне өтіп, Ойыл ауылдық советі жанындағы бастауыш партия ұйымының секретары, ауылдық советтің депутаты, әйелдер кеңесінің төрайымы сияқты қоғамдық жұмыстарды атқарды. 1999 жылы сырттай Атырау мәдени ағарту училищесінің «мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру қызметі» бөлімін сырттай бітіріп шықты. 1984 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің Құрмет грамотасымен және бірнеше облыстық, аудандық мәдениет бөлімінің грамота, дипломдарымен марапатталды. 1985 жылы ҚК аудандық комитеті насихат және үгіт бөлімінің «Салауатты тұрмыс үшін», 1990 жылы «Жаңаша жұмыс – нәтижелі іс» атты облыстық мәдениет бөлімінің іс – тәжірибе бетшелері шығарылды. 2001 – 2012 жылдары облыстық әкімдерінің алғыс хаттарымен және 2003 жылы облыстық мәдениет бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Қазіргі уақытта құрметті демалыста.