Жумабаева Бакытжамал Максимқызының
Өмірбаяны
1968 жылы 2 қазанда Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген.1975 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1985 жылы орта мектепті бітірді.Сол жылы Гурьев педагогикалық институтытының мектепке дейінгі тәрбие бөліміне оқуға түсіп, 1989 жылы жоғары білім алып шықты. Еңбек жолын Миялы селосындағы «Жасұлан» балалар бақшасынан тәрбиеші болып бастады.1992-1996 жылдар аралығында сол бала бақшада әдіскер,1996-1997 жылдары уақытша меңгеруші, 1997-2004 жылдары әдіскер, 2004-2013 жылдар аралығында МКҚК «Балдырған» балалар бақшасына меңгеруші болып тағайындалды.2013-2014 жылы аудандық әдістемелік орталықта әдіскер болып еңбек етті.2014 жылдың мамыр айынан бастап жаңадан ашылған «Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала бақшасында меңгеруші қызметінде еңбек етуде.
Марапаттары:
-1995 жылы – Аудандық «Жыл тәрбиешісі» байқауында І-орынды иеленді.
-2001 жылы – Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелік медальмен;
-2002 жылы – Облыстық білім жетілдіру институтының Алғыс хатымен;
-2006 жылы – Елбасының Алғыс хатымен;
-2010 жылы – Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен;
-2011 жылы – ҚР тұңғыш әйелдер сьезіне делегат болды.
-2014 жылы – Облыстық мәслихат хатшысының Алғыс хатымен;
-2015 жылы – Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды;
-2016 жылы – Басқарып отырған «Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала бақшасы «Ең үздік мектепке дейінгі мекеме» номинациясымен марапатталды;
-2017 жылы – Облыстық «Жыл меңгерушісі» сайысында ІІ орынмен марапатталды.
-2018 жылы – Аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды.
-2019 жылы – Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Алғыс хатымен»;
-2019 жылы – Облыс әкімі, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ноғаевтың «Алғыс хаты»;
-2019 жыл – «Nur Otan» партиясының «Алғыс хатымен»;
-2020 жыл – Қазақстан Республикаы Білім және ғылым министрлігінің «Алғысымен» марапатталды.
Қоғамдық жұмысы:
І. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы.
ІІ. Кәсіби емес медиатор
ІІІ. Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі.
Дүйсәлі Өтеуғалидың өмірбаяны
Өтеуғали Дүйсәлі 1958ж 2 наурызда Гурьев (қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз бекетінде дүниеге келген. 1975 ж Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих–педагогика факультетіне оқуға түсіп,осы институтты 1980ж тарих, қоғамтану пәндерінің мұғалімі және тәрбие жұмысының методисі мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы еңбек жолын Қызылқоға ауданы, Миялы селосындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепте мамандығы бойынша мұғалімдік қызметтен бастады. (1980-1983ж)
1983 – 91 ж. аралығында аудандық әдістемелік кабинетте әдіскер, аудандық білім бөлімінде маман және бас маман қызметтерін атқарды.
1991-1999жылдар аралығында №20мектебінде директор, (қазіргіБ.Аманшин ат. о/м)
1999-2001 жылдары Х.Досмухамедұлы атындағы орта мектебінде директор, 2001-2005 ж. № 1 негізгі мектепте директор,
2005-2006 ж. Х.Досмухамедұлы атындағы орта мектебінде директор ,
2006-2007ж. Қызылқоға аудандық білім бөлімінің меңгерушісі,
2007– 2008 ж. Б.Аманшин атындағы орта мектепте директор,
2008-2009ж. Қызылқоға аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі,
2009-2011ж. Қызылқоға аудандық тұңғыш ашылған аудандық әдістемелік орталықтың меңгерушісі,
2011ж. Наурыз айынан бері № 1 мектеп-гимназиясының директоры (қазіргі Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы)
Марапаттары :
1996ж. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісі.
2005, 2013 ж. Аудан әкімінің «Алғыс хаттары»
2006, 2010ж. облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасы»
2007ж.ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасы»
2001,2005,2011ж. аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттары»
2016ж.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасы»
2018ж. « Ы.Алтынсарин » төс белгісімен марапатталды
«НұрОтан» ХДП – ның саяси кеңесінің мүшесі