VII шақырылым Қызылқоға аудандық мәслихат депутаттарының
кезекті сайлауының қорытындылары туралы
Хабарлама
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Қызылқоға аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 19321 азамат енгізіліп, олардың 14189-ы немесе 73,44 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 14189 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 15 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 395 сайлаушы дауыс берді.Жарамсыз бюллетень саны 360, пайдаланылмаған бюллетень саны 5325.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы -10855 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,05% - ын құрайды;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1020 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,43%;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы -973 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,09% ;
«ADAL» саяси партиясы – 884 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,44%.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленді:
«Nur Otan» Партиясы;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы.
Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:
«Nur Otan» партиясы - 10 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -1 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы -1 мандат.