«Матен Петролеум» акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын жаңа мерзімге беру туралы

 

 

 

 

«Матен Петролеум» акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын жаңа мерзімге беру туралы

 

 

            Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының               31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес, «Матен Петролеум» акционерлік қоғамына Қызылқоға ауданы, Мәтен кен орнынан жалпы көлемі 374,87 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы мақсатта жер пайдалану құқығын жаңа мерзімге 2043 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Тұрдағалиевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                                            Н.Бисембиев                                                                

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға ауданы әкімдігінің

«____» _____________ 2021 ж.

№ ____ қаулысына  қосымша

 

 

«Матен Петролеум» акционерлік қоғамына Қызылқоға ауданы, Мәтен кен орнынан шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығымен берілетін жер учаскелерінің тізімі

 

№

Орналасқан жері

Пайдалану мақсаты

Жалпы көлемі (га)

1

Қызылқоға ауданы, Мәтен кен орны

Газ құбыры үшін

187,25

2

Қызылқоға ауданы, Мәтен кен орны

Мұнай құбыры үшін

187,62

Барлығы:

374,87

 

«Матен Петролеум» акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын жаңа мерзімге беру туралы
Дата публикации
08 января 2021