2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 13-бабының 2 тармағы 1) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысы негізінде Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2.Осы қаулы округтік және учаскелік сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3.Осы қаулы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы |
М.Муканов |
|
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы |
Е.Ульжабаев |
Миялы ауылы,
2026 жылғы 13 қазан,
№ 14