Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10516 тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 250) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1. Қоса беріліп отырған:

       1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары;

      2) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

       2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

       3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының

 

Энергетика министрі

В. Школьник

       "КЕЛІСІЛГЕН"  

       Қазақстан Республикасының  

       Ұлттық экономика министрі  

       ____________ Е. Досаев  

      2015 жылғы 13 ақпан



 

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
бекітілген

 Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 250) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органы осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;

      2) жеке жылумен жабдықтау жүйесі – жеке тұрғын үйді жылыту мұқтаждығы үшін орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу желілеріне қосылмай, бірден-бір тұтынушыны автономды жылу энергиясы көзінен жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жылумен жабдықтау жүйесі;

      3) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесі – бір жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі не кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін және орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің желілері болып табылмайтын жылу желілері арқылы бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен бір немесе бірнеше жылу энергиясын тұтынушы үшін жұмыс істейтін жылумен жабдықтау жүйесі;

      4) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

       5) жылу өндіруші субъект – "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

       6) жылу тасымалдаушы субъект – "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылу энергиясын тасымалдау және (немесе) өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ;

      7) жылу тұтынатын қондырғылар – жылу энергиясын тұтынушының мұқтаждықтары үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған құрылғылар кешені;

      8) жылу энергиясының көзі – жылу энергиясын өндіруге арналған жылу электр орталығы, қазандықтар және басқа да құрылғылар және (немесе) қондырғылар;

      9) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;

      10) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі – тұтынушылардың жиынтық қосылған жүктемесі жиырма мегаваттан асатын жылу желілері арқылы тұтынушыларға жылу жеткізгішті тасымалдай отырып, бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен жылумен жабдықтайтын жүйе;

      11) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;

      12) энергия өндіруші ұйым – Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес нетто-тұтынушылар болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.

      Осы Қағидаларда пайданылатын өзге де ұғымдар электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 2-тарау. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі

       Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       3. Белгіленген электр қуаты 5 (бес) МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 (бір жүз он) килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға, жылу өндіруші субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын 100 Г/кал астам жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын (бұдан әрі – Әзірлік паспорты) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша астананың, облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       4. Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу энергиясы көздері мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын осы Қағидаларға 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша астананың және республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Жергілікті атқарушы орган) береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Өз құрамында кернеуі 35 (отыз бес) кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, белгіленген электр қуаты 5 (бес) МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ облыс орталықтарындағы және республикалық маңызы бар қалалардағыны қоспағанда, жылу өндіруші субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын 100 Г/кал төмен жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) әзірлік паспортын осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардан және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерден (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі - қысқы пернодтағы жұмысқа дайындығы паспортын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі-мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) келтірілген.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жыл сайын энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісін (бұдан әрі – әзірлік актісі) дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушылар күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының комиссиясын (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы) құрып, ол 1 (бірінші) тамыздан бастап көрсетілетін қызметті алушыларға барып, жұмыс істей бастайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы төрағадан, төраға орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына Көрсетілетін қызметті алушының жауапты лауазымды адамдары, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері Заңмен белгіленген құзыреті бойынша кіреді.

      Комиссия жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Әзірлік актісін дайындау үшін дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері комиссияның отырысына қатыса алады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының комиссия төрағасы болып Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның өкілі төрағаның орынбасары болып тағайындалады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының компсиясы 1 (бірінші) тамыз бен 30 (отызыншы) қыркүйек аралығындағы кезеңде көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес айқындайды Мемлекеттік қызмет көрсету.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       13. Жұмыс қорытындысы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы Әзірлік актісін ресімдейді және оған барлық мүшелері қол қояды.

      14. Егер отырыста Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде Әзірлік актісіне "ерекше пікірмен" қол қойылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының ерекше пікірі Әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

       Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау кезінде Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы анықтаған кемшіліктер Әзірлік актісінде көрсетіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын болмағанда, көрсетілетін қызметті алушының басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті алушының комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары әзірлік актісіне қоса беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Құжаттар Портал арқылы келіп түскен күні мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, ол Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік Көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Құжаттарды Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысы Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

       Көрсетілетін Қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес Тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін Қызметті беруші осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ұсынылған құжаттар толық болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспортын беру үшін қажетті осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген әзірлік паспортын беруден бас тарту үшін негіздердің болуын талдауды жүзеге асырады, тиісті қорытынды дайындайды және осы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді.

      1 (бір) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушының қорытындысын келіседі және осы қорытынды энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясының (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы) қарауына енгізіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Осы қорытындыны және Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін Көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығына сәйкес жыл сайын Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия құрамы және Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы туралы ереже бекітіледі, бұл комиссия 15 (он бесінші) тамыздан бастап 19 (он тоғызыншы) қазан аралығында жұмыс істейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы осы қорытындыны және ұсынылған құжаттарды аптасына кемінде бір рет қарайды.

      19. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері құратын Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің және Жергілікті атқарушы органның өкілдері енгізіледі.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысы Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.

      Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының отырысына дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері комиссияның отырысына қатыса алады.

      21. Жергілікті атқарушы орган құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып Жергілікті атқарушы органның жауапты адамы тағайындалады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның жауапты адамы тағайындалады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің жауапты адамы тағайындалады.

       Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия мүшелерінде мүдделер қақтығысының болуы немесе оның туындау мүмкіндігі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес реттеледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделеді, сондай-ақ техникалық жазба құралдарының (аудио-, бейнежазба) көмегімен тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы отырысының хаттамасында Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының техникалық құралдарды қолданғаны туралы белгі қойылады.

      Техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар отырыс аяқталған сәттен бастап бір жыл бойына Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысында сақталады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Егер Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының отырысында Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының шешімі заңды болып есептеледі. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.

       Көпшілік шешімімен келіспеген Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия мүшесі өзінің "ерекше пікірін" жазбаша түрде баяндайды, ол Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

       24. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын (тыңдауын) білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

       Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Құжаттар топтамасын қарау нәтижелері, қорытындылар және тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) әзірлік паспортын беру;

      2) әзірлік паспортын ескертулермен беру;

      3) әзірлік паспортын беруден бас тарту.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       25. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын растайтын ұсынылған құжаттар мазмұнының сәйкестігі Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының Әзірлік паспортын беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады.

      26. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының Әзірлік паспортын беру туралы шешімі немесе Әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушыға Әзірлік паспорты электрондық түрінде беріледі.

       Әзірлік паспорты алдағы күзгі-қысқы кезеңде қолданылады.

       27. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігі Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының Әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады, бұл ретте кейбір құжаттар мазмұны бойынша қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер ұсынылуы қажет.

      Ескертулер оларды келесі жылдың 1 (бірінші) қаңтарына дейінгі мерзімде жою үшін белгіленіп беріледі.

      Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      28. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының қарау қорытындысы бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы: әзірлік паспортының жобасын; ескертулері бар әзірлік паспортының жобасын немесе әзірлік паспортын беруден уәжді бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды.

      1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.

       1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді. Әзірлік паспортын беруден бас тартылған кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне уәжді бас тартуды береді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы Әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысы хаттамасына қол қойылғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      31. Белгіленген мерзімде Әзірлік паспортын алмаған Көрсетілетін қызметті алушы күзгі-қысқы кезеңде жұмысты жалғастырады.

      32. Көрсетілетін қызметті алушы үшін Әзірлік паспортын алу мерзімі – жыл сайын 19 (он тоғызыншы) қазанды қоса алғанда.

      33. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      34. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021 № 220 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 6) тармақшасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

 

Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 ____________________________________________________________________ (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

 Энергия өндіруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты

      №_________________                _________________ қаласы

      "____" ____________20___ жыл           (паспорт жасалған жер)

      (паспорттың нөмірі және берілген күні)

      Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.

      (ұйымның заңды атауы)

      ____________________                _______________________

      (басшының лауазымы)           (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты

     (бар болған жағдайда))

 

Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдар мен жылу
өндіруші, жылу
тасымалдаушы субъектілердің
күзгі-қысқы кезеңдегі
жұмысқа әзірлік паспортын
алу қағидаларына
2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Нысан

       ____________________________________________________________________

                (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

       Энергия өндіруші ұйымдардың ______ жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа

     әзірлік паспорты ескертулермен

№_________________

"___"_________________20____жыл

(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала__________________________

(паспорт жасау орны)

       Осы паспорт берілді _______________________________________

      (ұйымның атауы)

______________________

(басшы лауазымы)

__________________________________________

(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдар мен жылу
өндіруші, жылу тасымалдаушы
субъектілердің күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа
әзірлік паспортын алу
қағидаларына
3-қосымша

 

       

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Нысан

       ____________________________________________________________________

                (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

       Энергия беруші ұйымдардың ______ жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа

     әзірлік паспорты ескертулермен

№_________________

"___"_________________20____жыл

(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала__________________________

(паспорт жасау орны)

       Осы паспорт берілді _______________________________________

      (ұйымның атауы)

______________________

(басшы лауазымы)

__________________________________________

(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
4-қосымша

 

 

Нысан

 

       

 ____________________________________________________________________ (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

 Энергия беруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен

      №_________________                ___________________ қаласы

      "____" ____________20___ жыл           (паспорт жасалған жер)

      (паспорттың нөмірі және берілген күні)

      Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.

      (ұйымның заңды атауы)

       ____________________                _______________________

      (басшының лауазымы)                (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты

     (бар болған жағдайда))

 

Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдар мен жылу
өндіруші, жылу тасымалдаушы
субъектілердің күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
5-қосымша

       Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Нысан

       ____________________________________________________________________

                (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

       Жылу өндіруші субъектілердің ______ жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа

      әзірлік паспорты

№_________________

"___"_________________20____жыл

(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала__________________________

(паспорт жасау орны)

       Осы паспорт берілді _______________________________________

      (ұйымның атауы)

______________________

(басшы лауазымы)

__________________________________________

(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдар мен жылу
өндіруші, жылу тасымалдаушы
субъектілердің күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
6-қосымша

 

       

       Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Нысан

       ____________________________________________________________________

                (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

       Жылу өндіруші субъектілердің ______ жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа

     әзірлік паспорты ескертулермен

№_________________

"___"_________________20____жыл

(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала__________________________

(паспорт жасау орны)

       Осы паспорт берілді _______________________________________

      (ұйымның атауы)

______________________

(басшы лауазымы)

__________________________________________

(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдар мен жылу
өндіруші, жылу тасымалдаушы
субъектілердің күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
7-қосымша

 

       

       Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Нысан

       ____________________________________________________________________

                (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

       Жылу тасымалдаушы субъектілердің ______ жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі

     жұмысқа әзірлік паспорты

№_________________

"___"_________________20____жыл

(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала__________________________

(паспорт жасау орны)

       Осы паспорт берілді _______________________________________

      (ұйымның атауы)

______________________

(басшы лауазымы)

__________________________________________

(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдар мен жылу
өндіруші, жылу тасымалдаушы
субъектілердің күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
8-қосымша

 

       

       Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Нысан

       ____________________________________________________________________

                (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

       Жылу тасымалдаушы субъектілердің ______ жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі

     жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен

№_________________

"___"_________________20____жыл

(паспорттың нөмірі және берілген күні)

қала__________________________

(паспорт жасау орны)

       Осы паспорт берілді _______________________________________

      (ұйымның атауы)

______________________

(басшы лауазымы)

__________________________________________

(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдар мен жылу
өндіруші, жылу тасымалдаушы
субъектілердің күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
8-1 қосымша

 

 

Нысан

 

       

 Хабарлама

       Ескерту. Қағида 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021 № 220 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       _____________________________________________________ берді.

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

       Осымен______________________________________________________ ММ

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

       Сіздің [өтінім күні] жылғы № [өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, Сізге Қазақстан

       Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55

       бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

       тізілімінде № 10516 болып тіркелген) Энергия өндіруші, энергия беруші

       ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы

       кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларының

       __________________________________________________________ сәйкес

       (құрылымдық элементті көрсету)

       осы хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Портал арқылы

       төмендегі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды:

      1.___________________________________________________________________

       2.___________________________________________________________________

       3.___________________________________________________________________

       Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде,

       өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту жіберілетін болады.

       ____________________________________________________________________

       (көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы)

       ____________________________________________________________________

       (көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       Хабарламаны жіберу күні мен уақыты:

     "___" ________20__ жылы "__" сағат "__" мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Энергия өндіруші, энергияберуші ұйымдар мен жылуөндіруші, жылу тасымалдаушы
субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына9-қосымша

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
02 октября 2026