Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

 

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

 

2026 жылғы 27 қыркүйекте Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:

Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 2535 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 1304. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 46. «Бәріне қарсымын»  белгісіне белгі салғандар саны - 13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

Борангалиев Муратбек Базаргалиевичке

-    331

Мақсотов Естай Аманбайұлына

-     804

Сапаш Саламат Мағзомұлына

-     152

Мұқыр ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған кандидат Мақсотов Естай Аманбайұлы, 1980 жылы туған, «Мұқыр ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылының тұрғыны сайланды.

                                                Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
29 сентября 2026