Қызылқоға ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Қызылқоға ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 377 бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

 1. Қызылқоға ауданы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Т.Бейсқали

 

 

Қызылқоға аудандық мәслихатының

2026 жылғы «______________ № «_____

шешіміне қосымша

 

Қызылқоға ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Өлшем бірлігі

Есептік бірлік

Есептік көрсеткіш

Көппәтерлі тұрғын үйдің (абаттандырылған) бір тұрғынына тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі (айына).

Айлық көлемі, теңгемен

теңге/ай

325 теңге

Жеке тұрғын үйдің (абаттандырылмаған жеке сектор) бір тұрғынына тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі (айына)

Айлық көлемі, теңгемен

теңге/ай

317 теңге

Заңды тұлғалар үшін, оның ішінде бюджеттік және мемлекеттік мекемелер үшін 1 м³ тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі

1 м³

теңге/ай

1950 теңге

 

Дата публикации
23 сентября 2026