Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін, мемлекет пен азаматтардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін келеңсіз құбылыстардың бірі. Ол әділдік пен заңдылық қағидаттарының бұзылуына әкеліп, халықтың мемлекеттік органдарға деген сеніміне кері ықпал етуі мүмкін. Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты мақсаты – заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда адалдық құндылықтарын орнықтыру.
2026 жылдың тоғыз айында бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы жеке тұлғалардан 8 өтініш келіп түсті. Азаматтардан жолданған өтініштер белгіленген тәртіппен қаралып, ҚР заңына сәйкес жауаптары белгіленген мерзімінде берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың өтініштерін
уақытылы қабылдап, олардың мәселелерін заң аясында шешуге бағытталған.
Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерін мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі қолдау шараларымен кеңінен қамту мақсатында жыл басынан бері ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау түрлері, жеңілдіктер мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған мүмкіндіктер туралы қажетті түсіндірмелер берілуде.
2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бөлім басшысының жеке қабылдауында несие, қайтарымсыз грант қаражатын алу, кәсіпкерлік ашу және басқа да мәселелер бойынша 29 адам қабылданды. Қабылдау нәтижесі бойынша 14 хаттама жасақталып, тиісті ақпараттар E-Otinish ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына байланысты ақпараттық материалдар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және азаматтарға қажетті мәліметтер орналастырылған. Бөлімге келіп түсетін арыз-шағымдар мен өтініштерді тіркеу үшін арнайы журнал жүргізіледі. Сонымен қатар, азаматтардың өз ұсыныстары мен мәселелері бойынша хабарласуына мүмкіндік беретін сенім телефоны 2-11-81 бекітілген.
Жыл басынан бері бөлім арқылы ашылған facebook және kuzulkoga_kasipkerlik instagram парақшаларында кәсіпкерлерге қажетті ақпараттар тұрақты түрде жарияланып келеді. Атап айтқанда, 58 түрлі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары, хабарландырулар, жаңалықтар және пайдалы мәліметтер әлеуметтік желі арқылы тұрғындар назарына ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, өз қызметіне адал әрі жауапкершілікпен қарауы қажет. Еліміздің заңдылықтарын сақтап, ашықтық пен адалдық қағидаттарын берік ұстану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға болады. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.