Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Қызылқоға ауданы
Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңының 113-1-бабының 1-тармағы  1) тармақшасы және 2-тармағына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 27 қыркүйекке Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға

М. Муканов

 

 

Хатшы 

Е. Ульжабаев

 

Миялы ауылы

19.08.2026 ж.

№ 12

 

 

 

 

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
19 августа 2026