Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «___»____________ № _____қаулысына 2 қосымша
«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлiмi» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Егер «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттiк мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Аудан аумағында кәсіпкерлікті, қызмет көрсету саласын және ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) ауданның өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) аудан аумағында кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және ауыл шаруашылығын дамуының жай-күйін талдау және дамуын болжау;
3) қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу.
1) кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және сауданың экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;
2) ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар енгізуге жұмыстану;
3) ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуын талдау және мониторингілеу;
4) ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында, аудандағы қоғамдық бірлестіктермен және Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау;
5) тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық жинақтар жасау, тарату;
6) семинарларды, көрме-жәрмеңкелерді, конкурстарды, форумдарды, бизнес кездесулерді ұйымдастыру;
7) халық кәсіпшілігі және қолөнерді дамытуға жәрдемдесу;
8) өңірлік шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) шағын кәсіпкерлік субьектілеріне ғимараттарды, өндірістік үй-жайларды және коммуналдық меншіктегі өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдау мен дамыту жөнінде ұсыныстар береді;
10) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізімін жүргізу;
11) әлеуеметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу;
12) мал басын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
13) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берілетін субсидияға шаруашылықтардан тапсырылатын құжаттардың облысқа тапсырылуына басшылық жасау;
14) тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналардың мемлекеттік кепілдігін тіркеуді жүзеге асыру;
15) тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін жүргізуге құқық беретін емтихан қабылдауды және куәлік беруді жүзеге асыру;
16) тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін жыл сайын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
17) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асырады;
18) құқықтық қамтамасыз етудегі тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, нормативтік актілер, бұйрықтар, шешімдер және құқықтық нысандағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындайды.
1) белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысуға;
2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсыныстарды әзірлеуге, сондай -ақ нұсқамалар, семинарлар, кеңестер өткізуге;
3) белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарынан мекемелермен ұйымдардан бөлімнің өз функцияларын іске асыруға қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
4) бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің қызметі туралы ақпаратты беруге;
5) қажет болған жағдайда кеңестер мен сарапшылар топтарын құруға құқылы.
1) Бөлім қызметін басқарады және оған жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
3) Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәртіптік жаза қолданады;
4) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдарда және мекемелерде бөлімінің атынан өкілдік етеді;
5) Аудан әкіміне бөлімінің Ережесін, құрылымын бекітуге ұсынады;
6) Бөлімінің штат кестесін белгіленген қызметкер санына және төлемақы қорына сәйкес бекітеді;
7) Өз құзіреті шегінде ішкі бұйрықтар шығарады;
8) Оның құзырына жататын басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
9) Бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
10) Бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жасалатын шараларға дербес жауапты болады.
«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.