Қызылқоға ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы
Үстіміздегі жылдың 11 айында аудан бойынша барлығы 938 өтініш тіркелді (жеке тұлғалардан – 881, заңды тұлғалардан – 57).
Оның ішінде, 202 өтініштер оң шешілген, жер мәселесі бойынша - 123 өтініш, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша - 20, әлеуметтік көмек көрсету бойынша - 14, білім беру - 1, жұмыспен қамту – 44.
736 өтініштер бойынша қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктеме берілді.
Бұдан басқа, аудандағы барлық деңгейдегі әкімдерімен 377 азамат жеке қабылданды, оның ішінде аудан әкімімен - 132 азамат.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 27 қараша күні Қызылқоға әкімдігі жанынан заманауи үлгідегі фронт - кеңсе ашылды.
Жергілікті мемлекеттік органдарда азаматтар өтініштерімен жұмыстарды оңтайландыру, заң талаптарына сәйкес оларды есепке алу, тіркеу және қарау бойынша жай-күйін талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.